Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет34/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

1
2
3
Жер 
қыртысында 
басым 
8-элемент бар: Оттегі (О), 
кремний (Si), алюминий (Al), темір 
(Fe), кальций (Са), натрий (Na), ка
-
лий (К), магний (Мg). Арасындағы 
жетекші элементі оттегі екен. Сал
-
мағы бойынша 49%, көлемі бойын
-
ша 96% (Жер қыртысының химия
-
лық құрамы диаграммасынан қара).


33
3. Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
4. Қандай элементтер жер бетінде кеңінен таралған?
Ғалымдар жер қыртысының химиялық құрамын зерттеп көрсе, негізгі 
жыныстарының құрамында кремний мен алюминий қосындылары басым 
екен. 
Әртүрлі химиялық элементтер, физикалық қасиеті біркелкі табиғи 
денелердің пайда болуына әсер етсе, оны 
минералдар
деп атаймыз, ал 
әртүрлі минералдардың қоспасы 
тау жыныстарын
құрайды.
3. мантия –
Жердің ең тығыз ішкі қабаты. Жер қыртысының астын-
да орналасады. Ғаламшарымыздың бірде-бір жерінде мантия жер бетіне 
шығып жатпайды. Оның құрылысы және құрамы туралы ғалымдар ара-
сында әртүрлі жорамалдар бар.
 
Мантия 2900 км тереңдікке дейін орналасып, ядромен шектеседі деп 
есептелінеді. Мантия құрамындағы заттардың температурасы төмендеген 
сайын жоғарылай береді. Шамамен 100 км тереңдікте, температура +500°С, 
ал 500 
км
–ден аса тереңдікте 2000°С, ядромен шектесетін аймағында 
4000°С. Жоғары температураға қарамастан, мантия құрамындағы заттар 
қатты күйде болады.
Мантия

жоғарғы, ортаңғы 
және
төменгі
деп үш топқа бөлінеді. 
Жоғарғы және төменгі мантиялардың шекарасы, жер қыртысынан есепте-
генде 900-1000 км тереңдікте орналасқан. Жер қыртысының қалыптасуына 
және дамуына негізінен мантияның жоғарғы қабатындағы үрдістердің 
әсері басым. Мантияның бұл қабаты біршама жақсы зерттелген.
Жоғарғы мантияның құрамындағы заттардың химиялық құрамы әртүр-
лі. Оның жер қыртысымен шектесер жерінде қатты күйде болады. Тереңде-
ген сайын жұмсақтау, қатты-сұйық болса, ары қарай төмен аймақтарында 
қатты күйге ауысады. Қысымның кішкене төмендеуі, жұмсақтау болып 
14-сурет
. Жер қыртысының химиялық құрамы


34
тұрған мантияны балқытып, жер бетіне қарай ығыстырады. Мантияның 
жоғарғы қабатын тесіп өтіп, магманың ошақтары пайда болады.
Бірнеше рет магманың жоғары қарай жылжуы нәтижесінде, магма 
жер бетіне, жанартау ретінде атқылып шығады. Жоғарғы мантияда, 
ығысу, араласу және ажырау сияқты үрдістер ұдайы болып тұрады. Жер 
қыртысының бір бөлігі тұрақты қозғалыссыз болса, келесі бір жерлері 
қозғалысқа ұшырап, жер сілкінісіне немесе жанартаулардың атқылауына 
алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет