Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 11. жердің тектоникалық құрылысы



Pdf көрінісі
бет36/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 11. жердің тектоникалық құрылысы
негізгі ұғымдар:
тектоника, тектоникалық тақта, тектоникалық 
тақталардың гипотезасы. 
тақтаның тектоникасы. «
Тектонос
» – 
грек тілінен аударғанда
«
жа-
саушы

шығарушы
»
 
деген мағынаны білдіреді

Тектоникалық қозғалыстың 
және деформациялануы әсерінен, жер қыртысы құрылымының өзгерісін 
зерттейтін геологияның бір саласы.
Жер қыртысында ұдайы қозғалыстар жүріп жатады. Жер қыртысының 
мұндай қозғалуы қаншалықты баяу жүргенімен бірнеше ғасырда құрлық 
бетінің пішінін қатты өзгертеді, мәселен, жазық жерден таулар пайда 
болады. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге 
апарып соғады.
15-сурет
. Литосфералық тақталардың карта сызбасы
Жанартау ошақтары
кірігу шекарасы


36
Жер сілкіну – жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу 
мен ыдыраудың әсерінен туатын жерасты дүмпулері. Жер қыртысының 
қозғалысын өте сезімтал сейсмограф құралдары тіркеп отырады (грекше 
«
сейсмо
» – жер сілкіну, «
графо
» – жазу).
Өткен сабақтардан сендерге белгілі болғандай, Жердің қатты қабаты 
литосфера – жер қыртысын және мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды.
Қазіргі ғалымдардың пайымдауынша, литосфера бірнеше алып қа-
баттардан немесе 
тақталардан
(платформалар) түзілген. Тақталардың 
қозғалыс бағыты біркелкі емес және тектоникалық үрдістердің жүру 
барысы да сәйкес келмейді. Болжам бойынша, литосфера бірнеше тақта-
ларға бөлініп, жоғарғы мантияның үстінде қозғалуда. 
Бұл гипотеза 
– тектоникалық тақталардың гипотезасы немесе мобильді литосфе
-
ралық гипотеза деген атауға ие.
Жердің тектоникалық құрылысын 7 ірі литосфералық тақтаға бөліп 
қарауға болады: Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Амери-
калық, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мұхит-
тық. Тақталардың өлшемі мыңдаған километрге жетеді. Спутниктің 
көрсеткіші бойынша тақталар жылына 2-5 см-ге ығысады екен. Ірі лито-
сфералық плиталардың көпшілігі материк пен оларға жалғасып жатқан 
мұхит табандарын қоса қамтиды. 
Тынық мұхиттық плита мұхиттық плита болып табылады. Мұхиттық 
плиталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде 
жұқа және қозғалмалы болып келеді. 
Материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде 
тұрақты бөліктерін – платформалар құрайды. Олар ежелгі және жас плат-
формалар болып бөлінеді. Аналық жыныстардың негізі архей-протерозой 
эраларында қалыптасқан құрылымдар ежелгі платформалар деп аталады. 
Оларға Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Солтүстік Америка, Аустралия және 
т.б. платформалар жатады. Ежелгі платформалардың негізін құрайтын 
қатты кристалды жыныстардың жер бетіне ашық шығып жатқан бөлігі 
қалқан
деп аталады. Бұл жыныстардың абсалюттік жасы 3–3,8 млрд жыл 
шамасында болады. Ірі қалқандарға Канада, Балтық, Алдан қалқандары 
мысал бола алады. Ал палеозой эрасында көтерілген жер қыртысының 
неғұрлым тұрақты бөліктері жас платформаларды құрайды. Оларға Батыс 
Еуропа, Батыс Сібір, Тұран және т.б. құрылымдар жатады. Платфор-
малардың әртүрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін 
плита 
деп атайды. Платформалық құрылымдарға көбінесе үстіртті жазық 
жер бедері сйәкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет