§ 64. Аралдық мемлекеттер
негізгі ұғымдар:
аралдық мемлекеттер.
Балалар, арал, архипелаг дегеніміз не екенін естеріңе түсіріңдер. Бір-
бірінен қандай айырмашылығы бар? Топта олардың айырмашылығы мен
ортақ ұқсастықтарын анықтап, талдап, бағалаңдар.
Дүниежүзінде географиялық белгілеріне қарай 47 мемлекет аралдық
мемлекеттер болып есептелінеді. Аралдық мемлекет дегеніміз – бір неме-
се бірнеше аралда орналасып, материкпен шектеспейтін елдерді атайды.
Ірі аралдық мемлекеттер мен толығырақ танысып өтейік?
11-кесте
Аралдық мемлекеттер
№
Мемлекет-
тің атауы
Ауданы
км
2
Қысқаша
сипаттамасы
Карта
1. Индонезия
1 912 988,
аумағы
бойынша
дүние-
жүзінде
14 орынды
иемденеді.
Зонд архипелагы-
ның аралдарында
орналасқан, дүние
жүзіндегі ең ірі
аралдық мемлекет.
Халқының саны
бойынша дүние
жүзінде 4 орынды
алады (203,5 млн
шамасында).
Басым халықтары
индонезиялықтар,
индустар және
қытайлықтар.
Экзотикалық арал-
дарының фауна
және флорасының
ерекшелігімен
туристердің арасын-
да үлкен сұранысқа
ие. Ең тартымды
аралдары Ява, Ка-
лимантан, Суматра
және Жаңа Гвинея.
Өз бетінше оқып, білімалуға
арналған портал: Geo-mour.net
– Население и климат стран
мира.
188
Өз бетінше оқуға
Geo2000.nm.ru – сайтын
пайдалансаңдар болады.
№ Мемлекет-
тің атауы
Ауданы
км
2
Қысқаша
сипаттамасы
Карта
2. Ұлыбрита-
ния
242 910
Ең үлкен арал
атауымен Ұлыбрита-
ния деп атаса, негізгі
тарихи атауымен –
Англия депте атайды.
Экономикасы жоғары
дамыған, алғашқы
дүниежүзілік өнер-
кәсіп елдерінің бірі.
Ұлыбританияның
астанасы – Лондон
қаласы. Ағылшын
тілін ана тілім деп
есептейтін адамдар-
дың саны 410 млн
болса, ағылшын тілін
екінші ана тілім деп
есептейтіндердің
санымен есептесек
миллиардқа жуық-
тайды. Англияда
автомобиль және
ұшақ, кеме және
электронды аспаптар,
әртүрлі химиялық
және тоқыма өнімдері
шығарылады және
ауыл шаруашылығы
жақсы дамыған.
Аралдық мемлекеттердің климаттық жағдайы, табиғат зоналары,
экономикалық жағдайы әртүрлі болғанымен, ортақ ұқсастықтары бар. Ол
туризм саласының жақсы жолға қойылуы. Бұл елдердің экономикасында
туризм жетекші рөл атқарады. ЖІӨ-гі үлесі төмендегідей. Бермуд
аралдарында – 34,7%, Сейшель аралдарында – 27,4%, Антигуа – 58,5%,
Багам – 52,1%. Мемлекетті валютамен қамтамасыз етуде, халықты
жұмыспен қамтуда жетекші орынға шығады. Халықаралық туризм
қарқынды дамыған сайын, туризмнен түсетін кірістің де шамасы қомақты
болмақ. Бұл елдердегі сұранысқа ие еңбек түрі: спорттық туризм (дайвинг,
рафтинг, яхтинг, су шаңғысы және т.б.), экологиялық туризм (ұлттық
189
және теңіздік саябақтар), жағажай туризмі (Бора-Бора аралдарының
жағажайы және т.б.), мәдени – танымдық туризм (ұлттық салт дәстүрлер
және ұлттық тағамдар) және емдік – сауықтыру туризмі (Тайти аралының
емдік сулары және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |