Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


«саяси географиялық (геосаяси) жағдай» (СГЖ)



Pdf көрінісі
бет209/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
«саяси географиялық (геосаяси) жағдай» (СГЖ)
 
ұғымын қолдануға мәжбүрлетеді.
*
«Қандай да бір елдің саяси географиялық жағдайы» дегеніміз бейбіт 
саясат жүргізетін мемлекеттерге, халықаралық одақтарға, аймақтық 


185
жанжалы бар аудандарға немесе әскери базаларға қатысты сол елдің 
жағдайы. Бұл ұғым «экономикалық географиялық жағдай» ұғымымен 
туыстас болып келеді, себебі саясат пен экономика бір-бірімен тығыз 
байланысты.
Эгж-ды талдау келесі компоненттер бойынша жүргізіледі:
көліктік-географиялық
• өнеркәсіптік-географиялық
• агрогеографиялық
нарықтық
• демографиялық
рекреациялық-географиялық
Эгж келесі түрлерге ажыратылады:
• орталық;
• шалғайлық;
шекаралық;
• транзиттік;
теңіздік;
• ішкі.
Мысалға, Германияның ЭГЖ-сын жоспар бойынша анықтайық.
1. Көршілес жатқан мемлекеттерге қатысты жағдайы.
2. Басты құрлық және теңіз көлік жолдарына қатысты жағдайы.
3. Отын-шикізат базасына қатысты жағдайы.
4. Өнімді өткізетін негізгі аудандары.
5 Елдің шаруашылығының дамуына және орналастыруына ЭГЖ-ның 
әсері туралы қорытынды. 
1. Германия тоғыз мемлекетпен: солтүстігінде – Даниямен, батысында 
– Польша және Чехиямен, оңтүстік-шығысында – Австриямен, оңтүстігін-
де – Швейцариямен, оңтүстік-батысында – Франция және Люксембургпен, 
ал батысында – Бельгия және Нидерланд елдерімен шектеседі.
2. Еуропадағы барлық көлік жолдарының дәл ортасында орналасқан 
және де Киль каналы арқылы Балтық теңізі бойынша тауар айналымы-
ның көп бөлігі өтеді. 
3. Қара және қоңыр көмір: Рур (Германияда), Польшаның жақын 
орналасқан көмір алаптары; Мұнай: Ресей (Батыс Сібір), Солтүстік Афри-
кадағы мұнай кен орындары біршама алыста; Табиғи газ: Солтүстік теңіз 
және Ресей (Батыс Сібір).
4. Елдің ауыл шаруашылығы: ішкі өндіріс сұранымының 60%-ын 
қамтамасыз етеді. Аса танымал тауарлар – нан өнімдері және пісірілген 
нан, сүт өнімдері, тофудан жасалған өнімдер, жұмыртқадан жасалатын 
өнімдер, жемістер және көкөністер, ет. Мемлекетте жарманың басым 


186
бөлігі, астық дақылдарының қоспалары және басқа да 
өсімдік
өнімдері 
жасалады.
Мұздатылған 
өнімдерге сұраныс өсіп бара жатыр. Германия 
табиғи өнімдерді импорттайтын аса ірі еуропалық ел болып табылады. 
Барлық табиғи өнімдердің 38%-ы импортталады. 
5. Германия өте тиімді жерде орналасқан, себебі Шығыс және Орталық 
Еуропа мемлекеттерімен қатынастырушы рөлді атқарады.
Топтық жұмыс 
– жоғарыда келтірілген план және үлгі бойынша Қа-
зақстанның ЭГЖ-ын анықтаңдар.
Кез келген елдің саяси географиялық жағдайы – тарихи оқиғаларға 
байланысты, ол уақыт өте өзгеріп отырады. Соңғы жылдары болып жатқан 
жайттар – бұның дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет