Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


Шығыс-Африка сейсмикалық белдеуі



Pdf көрінісі
бет46/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

Шығыс-Африка сейсмикалық белдеуі
Қызыл теңіздің солтүстігінен 
бастап, оңтүстігіндегі Замбези өзеніне дейінгі аралықтағы, Ұлы Шығыс 
Африка тектоникалық жарығының бойында орналасақан.
орталық-Азиялық сейсмикалық белдеудің
құрамына, Тянь-Шань 
таулы жүйесі, Моңғол Алтайы, Хангай таулы үстірті, Байкал маңы және 
Байкал сырты таулары, Кунь-Лунь, Нань-Шань жоталары және т.б. кіреді.
5. жанартау, сөнген және сөнбеген жанартаулар, ыстық бұлақтар, 
гейзерлер.
жанартау
– магманың Жер қыр тысының беткі қабатына төгілуіне 
бай ланысты пайда болатын құбылыс.
жанартаулар 
– Конус және күмбез тәрізді геологиялық жолмен 
пайда болған таулар. Таудың шыңында, кесе немесе воронка тәрізді 
ұңғы – 
кратер
болады. Кратерден жер қыртысының төменгі жағына 
қарай, бойлық канал ар қылы 
көмейге
 
жалғасады. Осы канал арқы-


43
лы магма жер бетіне қарай көтеріледі. Жер бетіне төгілген магманы
 
– 
лава
деп атайды. Жанартау кра тері лавамен бірге жер бетіне үлкен 
мөлшерде, күлді, әртүрлі құрамдағы газдарды және қатты заттарды 
шығарады. Ең ірі қатты денені жанартаулық бомба деп атайды. Өлшемі 
5-10 см-ден бірнеше метрге дейін жетеді.
Жанартаулар сөнген және сөнбеген деп екіге бөлінеді. Көмейінен 
ұдайы шаң-тозаң және магма атқылып тұрғанын, сөнбеген жанартау дей-
міз. Дүние жүзінде 
сөнбеген
жанартаулар өте көп. Егер де жанартаудың 
атқылағаны туралы тарихи деректер кездеспесе, оны 
сөнген
жанартаулар 
дейміз. (Кавказдағы Эльбрус, Қазбек және тағы басқалары).
гейзерлер және ыстық бұлақтар. гейзер
– аракідік атқылайтын булы 
фонтан. 
Гейзерде алғашында ыстық буларды қалыптасады, артынан ыстық 
суды атқылайды. Атқылап шыққан судың биіктігі гейзердің үлкенді-
гіне байланысты. Камчаткадағы «Великан» гейзерінің биіктігі 50 мет-
рге дейін жетеді. Буының таралу биіктігі 300 метрге жетеді. Кішігірім 
гейзерлерде бұл көрсеткіш бірден бірнеше метрге жетуі мүмкін. Кам-
чаткадағы гейзерлердің атқылау интервалы 10 минуттан 5,5 сағат ара-
лығында болады.
18-сурет
. Иеллоустоун ұлттық паркіндегі гейзер
Сұрақтар мен тапсырмалар 
Білім және түсінік 
1. «Катаклизм» сөзін қалай түсіндіңдер? Литосфераға қандай катаклизм тән?
2. Жер сілкінісі дегеніміз не?


44
Қазақстан мемлекеті үшін, сей
-
смоқауіпті аудандарға, Тянь-
Шань, Жетісу Алатауы және Алтай 
таулары орналасқан, Қазақстанның 
оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығы
-
сы жатады. Алматы қаласындағы 
сейсмикалық көрсеткіш 9-8 балл, 
Зайсан қазаншұңқырында 7 балл, 
Өскемен қаласы маңында 6 балға 
жетуі мүмкін.
Қолдану 
1. Жер бетіндегі жер сілкінудің себебін ауызша айтып беріңдер.
2. Жер сілкінісі болған аудандарды картадан көрсетіңдер.
Сараптау
Жарты шарлар картасынан Жердің негізгі сейсмикалық белдеулерін көрсетіп, 
сипаттама беріңдер.
Синтездеу 
1. Не себепті Жер бетіндегі тектоникалық белсенді аймақтар, тақталардың тү-
йіскен жерінде орналасқан және олардың әрекетін түсіндіріңдер.
2. Сейсмология ғылымының маңыздылығын мысал мен түсіндіріңдер.
Бағалау
Ірі құрылыс салу кезінде не себепті жергілікті жердің сейсмикалық жағдайын 
ескерту қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет