Бірінші сейсмикалық белдеу –
тынық мұхиттық белдеу. Бұл белдеу
Тынық мұхитын жартылай шеңбер күйінде қоршап жатыр. Шеңбер құра-
мына: Камчатка түбегі, Курил аралдары, Сахалин аралы, Жапон және
Филиппин теңіздері, Жаңа Зеландия аралы, Оңтүстік және Солтүстік Аме-
риканың жағалаулары кіреді. Қазіргі кездегі көптеген жер сілкіністері
осы аймақтардың көлемінде болып жатыр. Сілкініс ошағы өте төменде
орналасқан.
Екінші сейсмикалық белдеу – жерорта теңіздік немесе
Алпілік деп
аталады. Белдеу ендік бағытта, батысында Португалия жағалауындағы
Жасыл мүйіс аралынан бастап, шығысында Жаңа Гвинея аралына де-
йін 15 мың км-ге созылған.