§ 15. Сарамандық жұмыс тапсырма. Жергілікті жердің планын және атластан аэрофотосу - реттерді қарап шығып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер: 1) қайсысында заттар шындыққа ұқсас суреттелген? 2) планда аэрофотосуреттен көрінбейтін заттар бар ма? Ол қандай заттар? 3) ауыл, өзен атта - рын және ағаш түрлерін қай бейнеден көрсе болады? 4) жергілікті жерді танып білуге және пайдалануға қайсысы көбірек мәлімет береді және сипаттауға қолайлы? Жергілікті жердің планы мен аэрофотосуреттер - дің айырмашылығы туралы қорытынды шығарыңдар. Өздік жұмыс: Шартты белгілер, бағыттар және масштабтың көмегімен келесі әңгімені түсіндіріп беріңдер: «Көл жағалауында демалып жатқан туристер тобы шалғын ішіндегі соқпақпен В нүктесіне бағыт алды. 400 м жүргеннен кейін, олар кішігірім бұлаққа және одан ағып жатқан өзенге жетті. Ең басында туристер өзеннің оң жағалауымен жүрді, ал 600 м кейін ағаш көпірге жеткенде, өзеннің сол жағалауына өтті. ОШ-тан СБ созылған дала жолымен 200 м жүргеннен кейін, туристер аралас орман шетіне келді. Бұл жерден 800 м С бағытқа қарай жүріп, қыстаққа жетті».