Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет123/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

1) «тірі зат»
– ғаламшарымыздағы барлық тірі организмдердің жиын-
тығы;
2
) биогенді зат
– 
ежелгі биосфера бөлшектері
(таскөмір, жанатын 
газдар, шымтезек, көл лайы, мұнай);
3) 
биокосты зат
– шөгінді жыныстар, сазды минералдар және т.б.
Бірінші болып В.И. Вер
-
надский батыл болжам 
жасады: 
«қазіргі жер атмосфе-
расындағы оттек суда және құр-
лықта ұзақ уақыт бойы болған 
өсімдіктердің фотосинтездік үр-
дісі арқылы пайда болды».


108
Биосфераның шекарасы. Биосфера – 
тіршілігі бар кеңістік. Бұл 
кеңістіктің қандай шектері бар?
Биосфераның жоғарғы шекарасын В.И. Вернадский 
ғаламшардың озон 
қабаты
деп санады. Ол орта есеппен алғанда Жер бетінен 20 км биіктіктегі 
атмосферадағы озон қабаты. Ол тірі организмдерге кері әсерін тигізетін
Күннің ультракүлгін сәулелерінің көп бөлігін 
ұстап
тұрады.
В.И. Вернадскийдің ілімі бойынша, биосфераның төменгі шекарасы 
жер бетінен 3–3,5 км тереңдікте жер қыртысының жоғарғы шекарасынан 
сәл төмен өтеді және жер қойнауындағы тіршілік етуге мүмкіндігі жоқ 
температура (+100°С) бойынша анықталады.
Вернадский тірі заттардың аса тығыз топтануын «өмір қабықшасы» 
деп атады. Құрлықта бұл – ең алдымен, топырақ, өсімдік жамылғысы 
және жануарлар әлемі, ал дүниежүзілік мұхитта – планктон тіршілік 
ететін үстіңгі бөлігі.
3.
Құрылымы, орталығы және биосфераның кері байланыстары. 
Күн 
сәулелері өтетін биосфераның жоғарғы қабаттарында фотосинтез болуы 
мүмкін. Бұл аумаққа құрлық ландшафттары мен мұхиттың жоғарғы қа-
баты кіреді.
Биосфераның төменгі қабатына күн сәулесі өтпейді, сондықтан фото-
синтездің жүруі мүмкін емес, және минералды қоспалардан биомассаның 
жасалуы іс жүзінде маңызды емес. Бұл материктегі жерасты сулары және 
мұхиттар мен теңіздердегі жарық түспейтін тереңдіктер. Биосфераның ұсақ 
құрылым элементтеріне топырақтар, балшықтар, сулы қабаттар кіреді.
Басты рөл атқаратын, биосфераның ерекшелігін анықтайтын, бүкіл 
жүйені «басқаратын» биосфераның орталығы бар ма? Осындай орталықтың 
рөлін құрлық ландшафттары атқарады, нақтырақ айтсақ – ғаламшардағы 
тірі заттардың басым бөлігі орналасқан орманды ландшафттар.
Бүгінгі күні, биосфера туралы ілім мектеп бағдарламасына енгізілген.
 
Сұрақтар мен тапсырмалар
Білім және түсінік
1. «Биосфера» ұғымының мазмұны неде?
2. Биосфераны зерттеумен айналысқан ғалымдардың аттарын ата.
3. Қайсы ғалым биосфера ғылымы туралы ілімнің негізін қалады?
4. Биосфера қандай қабаттардан тұрады?
Қолдану
1. Әр бір қабат биосфераға қатынасы бар деген тұжырымға дәлел келтіріңдер.
2. Не себепті биосфераны биохимиялық комбинат деп атайды?


109
Сараптау
1. Биосфера ғылымының негізі болып табылатын факттерді іріктеп алып, оларды 
түсіндіріңдер.
2. Биосфераның орталығы бар ма? Егер бар болса, ол қай жерде орналасқан? Сен 
оны қалай дәлелдейсің?
Синтездеу
1. Оқулық мәтінін қорытындылай отырып, биохимиялық айналымда жаңа өмір 
пайда болатындығын түсіндір?
2. «Биосфераның шекарасы» сызбасын құрастыр.
Бағалау
1. «Тіршілік қабаты» ұғымына өз ойыңды білдір.
2. Биосфера тұжырымының негізіне баға беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет