§ 33. Биосферажәне оның құрамдас бөліктері негізгі ұғымдар: биосфера, тірі зат, биогенді және биокосты зат, «өмір
қабықшасы», ғаламшарының озон қабаты.
1. Биосфера – жердің кешенді қабығы. Қазіргі кезде физикалық гео-
графия аса маңыздылыққа ие, себебі, адамзат ғылыми-техникалық даму-
дың кезеңіне өтті. Ол өз кезегінде ядролық қарудың, ғарыштың игерілуіне,
химия, биологияның дамуына, өндірістің автоматтандырылуына және
ғылыми техниканың басқа да маңызды жетістіктеріне байланысты.
Осының өзі физикалық географияның болашақта қандай маңызды рөл
атқаратынын көрсетеді.
Географиялық зерттеулер ғалымдарды келесі ой-тұжырымға әкелді:
«Жерде, ғаламшардың басқа бөліктерінен сапалы түрде айырмашылық
жасайтын қабық немесе сфера бар». Ең алдымен, оны былай сипаттайды:
оның шегінде үш агрегатты күйде (қатты, газ, сұйық) болатын зат және
өмір бар. Бұл қабық бірыңғай, біртұтас болып келеді және Жердің дамуы-
на қатысты жалпы заңдарға бағынады. Бірінші кезде бұл табиғи түзіліс
«физикалық географиялық қабық», кейінірек – «географиялық қабық»
деп аталды. Кейде келесі термин сөздер қолданылады: «ландшафттылық
қабық», «ландшафт сферасы» немесе «табиғи (қоршаған) орта».
Жер бетіндегі бұл қабық (сфера) туралы ілім біртіндеп қалыптаса ба-
стады. Бұл ілімді дамытқан ғалымдар арасында келесі көрнекті есімдер
де болды: неміс табиғат зерттеушісі