Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет144/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

2.
 
табиғи-аумақтық кешен. 
Қандай күштер және қандай себептер 
табиғи зоналық пен биіктік белдеулікті қалыптастырады? Бұл сұраққа 
В.В. Докучаев «климат және оның негізгі сипаттары – ылғалдылық және 
температуралық режим» екеніне айқын жауап берді. 
В.В. Докучаев
табиғат 
зоналары туралы ілімнің негізін салушы деп саналады. 
Белгілі неміс географы – 
Александр Гумбольдт 
климаттың өзгерістерін 
және өсімдіктерді зерттей отырып, олардың арасында тығыз байланыс бар 
екендігін анықтады: климаттық зоналар бір мезгілде өсімдік зоналары 
болып есептелінеді, – деді.
Зоналық жазықта да, тауда да кездеседі. Барлық компоненттер бір-бірі-
мен тығыз байланыста болғандықтан, зоналық заңдылықтың нәтижесінде 
ірі зоналық табиғи аумақтық кешендер (табиғат зоналары) пайда болады. 


127
Мұхиттан өте алшақта, материктің ішінде және елдің оңтүстік 
аудандарында орналасқан Орта Азия және Қазақстанның тауларында 
(
Солтүстік Тянь Шань, Жетісу Алатауы, Алтай, Тарбағатай
) барлық 
биіктік белдеулерінде қатал және қуаңшылық климатының әсері байқа-
лады. Шөлейттер мен таулы далалар тау бөктерімен жоғары көтеріледі. 
Олардың үстінде өзгеше орманды-шалғынды белдеулер кездеседі. Бұл жер-
де ормандар, таулы дала мен таулы шалғындар үйлесім тапқан. Қылқанды 
ағаш түрлердің ішінде көбінесе ағаш тәрізді арша кездеседі. Субальпілік 
белдеуде, далалар шалғындармен араласып кетеді. Тянь-Шань тауларында 
қар және мұз белдеуі бар.
Таулардағы төменгі биіктік белдеулері тау етегінің қай табиғи зонада 
жатқанына тәуелді. Ең жоғарғы белдеуі таудың биіктігімен анықталады. 
Таулар неғұрлым оңтүстікте орналасқан сайын, соншалықты биік. Сон-
дықтан да беткейлерінде биіктік белдеулерінің саны көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет