3. географиялық қабық. Географиялық қабықтың аса ірі зоналық
бөлінуі –
географиялық белдеу . Оған температуралық жағдайлардың ор-
тақтығы тән.
Географиялық белдеулер
географиялық табиғи зоналарға бөлінеді –
бұл зоналық табиғи аумақтық кешендер. Олардың пайда болуында басты
рөлді жылу мен ылғалдың ара қатынасы атқарады.
Географиялық қабық біртұтас болғанымен ендіктерге байланысты
және құрлықпен мұхитта бір-бірінен айырмашылық жасайды. Құрлық
пен мұхиттағы күн сәулесінен келетін жылудың әртүрлі шамада түсуіне
байланысты географиялық қабық алуан түрлі. Әрбір географиялық бел-
деудің жылу мен ылғалдың таралуына, өсімдіктер мен жануарлар дүние-
сінің алуантүрлілігіне байланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Барлық
географиялық белдеудің өзіне тән ендікке және бойлыққа (кей жағдайда
ылғалдануында үлкен айырмашылық болады) байланысты ерекшеліктері
және биіктік табиғи (ландшафтылық) зоналары қалыптасады. Геогра-
фияның келесі курстарында Қазақстанның және дүниежүзінің табиғат
зоналары мен танысатын боласыңдар.
65-сурет . Таулардағы биіктік белдеулер