Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 41. Адамның табиғи кешендерге әсер етуі



Pdf көрінісі
бет149/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 41. Адамның табиғи кешендерге әсер етуі
негізгі ұғымдар
: техносфера, антропогенді айналым, бенз(а)пирен, 
мониторинг.
1. табиғи кешендердің өзгеруі.
Жер бетінде адам тіршілік ете ба-
стағаннан, табиғи аумақтық кешен өзгеру үстінде. Қазіргі уақытта гео-
графиялық қабыққа адам әсер етпеген бірде бір аумақ жоқ. Шаруашы-
лықты жүргізу үрдісіне қарай адам табиғи кешендерді қатты өзгертті, 
әсіресе, бұл табиғи өсімдігі жойылған жерлерде нақтырақ байқалады. 
Адамның тірі және өлі табиғатпен әрекеттесу үрдісі туралы білім бар-
лық адамға қажет, себебі әрбір адам қоршаған ортаға шамалы болса да 
өз әсерін тигізбей қоймайды.
Қоршаған орта қоғамға да әсер етеді, сондықтан адамзат ары қарай 
өмір сүруін жалғастыру үшін тірішілік ортасын қорғап, сақтауы керек. 
Соңғы үш-төрт онжылдықта адам қызметінің әсер ету деңгейінің күшейгені 
сондай, ғаламдық геохимиялық үрдістерден асып түсті. Адам еңбек етудің 
түрлі салаларын жасап, табиғаттағы биохимиялық және эволюциялық үр-
дістердің негізгі факторына айналды. Ол зат және энергия айналымының 
жаңа түрін ашты – ол биосферадағы 
антропогендік айналым
.
Адамның табиғатқа айтарлықтай әсері жәй ғана биологиялық түрден 
қоғамдық тәртіптегі әлеуметтік жағдайға айналып, саналы түрде шаруа-
шылықпен айналысуынан басталды.
Адам біртіндеп өзіне тірі және өлі табиғатты бағындырғысы келді. 
Табиғатқа жасанды әсер етудің зардаптары қоршаған ортаны ластаумен 
қатар, экологиялық проблемалардың пайда болуына әсер етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет