§ 40. Сарамандық жұмыс. жергілікті жердің табиғат кешені табиғи кешенді сипаттау. Сендер жыл бойы географиядан білім ал-
дыңдар, алған білімдеріңді пайдалана отырып, өздерің тұратын жергілікті
жердің табиғи кешеннің компоненттеріне сипаттама беріп, олардың ара-
сындағы байланыстарды анықтауға мүмкіншіліктерің жетеді. Ол үшін
сендерге төмендегі тапсырмалар көмектеседі. Оларды орындай отырып,
сендер ботаника, зоология курстарынан алған білімдеріңді қосымша қол-
дансаңдар болады.
1-тапсырма .
Тұратын жерлеріңдегі табиғи кешенінің компонент - терін және олардың арасындағы байланыстарды келесі жоспар бойынша сипаттаңдар: 1) географиялық жағдайы (координаты, жарық белдеуі, теңізден арақашықтығы); 2) уақытша су ағыны мен өзендердің әсерінен жер бедерінің, тау жыныстарының ерекшелігі. Адамдардың жер бедерін өзгертуі және игеруі; 3) климаттың ерекшеліктері: қаңтар мен шіл - де айларының орташа температурасы, жауын-шашынның жылдық мөлшері және олардың жыл мезгілдері бойынша таралуы, климаттың географиялық ендікке, мұхиттың таяулығына, абсолюттік биіктігіне және жер бедеріне тәуелділігі; 4) жерасты және жерүсті сулары (өзен,
130 жылға, жасанды суайдыны), өзеннің коректенуі, ағыстың жер бедеріне тәуелділігі, жыл мезгілдері бойынша өзен деңгейінің өзгеруі; 5) топырағы, олардың ерекшеліктері, топырақтың пайдалануы, құнарлылықтың артуына бағытталған іс-шаралар; 6) өсімдік және жануарлар әлемі, маусым бойынша өсімдіктердің өзгеруі. 7) сендердің табиғатты қорғауға қосқан үлестерің. 2-тапсырма . 1) Тұрғылықты жерлеріңнің табиғи кешені қалай өз - гереді, егер: а) жауын-шашынның жылдық мөлшері екі есеге азайса; ә) жерасты суларының деңгейі қатты көтерілсе; 2) Адам өмірінің де - малысын жақсарту үшін сен тұратын жердің табиғи кешенін қалай өзгертсе болады?