149
Қазақстан Республикасында бұл тізімге енбей қалған табиғаттың
ерекше сұлу жерлері жеткілікті. Солардың бірі – Жетісу өлкесі. Жеті
өзеннен тұратындығы атынан көрініп тұр. Оларға: Іле, Қаратал, Ақсу,
Көксу, Тентек, Лепсі, Аягөз жатады. Аталған өзендердің барлығы Балқаш
көліне барып құяды. Халық Жетісуды – Қазақстанның інжу-маржаны
деп атайды.
Маңғыстаудағы Көгілдір айлақтың алтындай жылтыраған жағажайын-
да күнге қыздырынуға, ТМД көлеміндегі ең терең Қарақия ойысының
табанына дейін баруға, Тамшалы және Саура шатқалдарындағы бұлақтар-
ды және кішігірім көлшіктерді көруге болады. Ақтау тауы фантастика-
лық ландшафтымен тартымды. Әктас және құмды топырақтан (мергель)
түзілген аппақ қардай шыңдары, беткейлері қызғылт сары түсті асыл
тастардан, яшмадан, құм тастардан тұратын сай салалармен тілімделген.
Көктемгі жаңбыр кезінде Ақтаудың беткейлерінен аққан қатты ағынның
нәтижесінде топырақ беті ашылып, астынан өткен кезеңдерде тіршілік
еткен, акуланың тісін, алып тасбақаның қаңқасын және ежелгі өсімдік-
тердің қалдығын кей кездерде көруге болады. Аталған қазба байлықтар
ежелгі кезеңдерден бері жыныстардың құрамында сақталып келген. Ол
кездері Ақтау тауы ежелгі Тетис теңізінің (мұхитының) табаны болған.
Шығыс Қазақстан қазақтарының 20-дан астам ежелгі сәулет өнерінің
архитектуралық ескерткіштері, дін және дәстүрге арналған республика-
лық конференцияға Өскеменнің музей – қорық қорынан арнайы алып
келініп көрмеге қойылды. Арасындағы танымалы VIII ғасырға жататын
Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мазары. Ғашықтардың мазары Аягөз
өзенінің жағасында орналасқан. Ақбауыр-
да көптеген археологиялық ескерткіштер
кездеседі: әртүрлі кезеңнің петроглифтері,
қола дәуірінің молалары, ертедегі темір
ғасырының қорғандары және т.б. Ең
маңыздысы үңгірдің қабырғаларына қы-
зыл минералды бояулармен (қызыл охра)
салынған суреттер. Бұл ежелгі өнер туын-
дысы б.з.д. V–III мың жылдыққа жатады.
Халықтардың көшіп-қонуы, дін-
нің таралуы, аумақтың шаруашылыққа
игерілуі және көрші елдің жаулап алуына
қарамастан тарихи-мәдени аймақтардың
шекарасы тұрақты. Жер бетінде зерттелмеген, құпиясы ашылмаған жер-
лер зерттеуді күтіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: