§ 45. Ұлтаралық және дінаралық келісім
негізгі ұғымдар:
жаһандану,
ғаламдық дүниежүзілік экономика,
діна-
ралық келісім, Қазақстан халық Ассамблеясы.
Бүкіл адамзат тарихында әлемде, жуықтап алғанда 14,5 мың соғыс
болған, соғыста және қарулы қақтығыстарда қайтыс болған адамдардың
90%-ы ХХ ғасырға келеді. ХХ ғасырда екі дүниежүзілік және жергілікті
соғыстарда 100 млн-нан аса адам қайтыс болды. Барлық соғыстардың
мақсаттары – табиғи ресурстарды, үлкен аумаққа иелік ету. Олардың за-
рдаптары қарапайым халыққа әрдайым ауыр тиетін. ХХ ғасырдың соңғы
он жылдығы адамзат үшін көптеген күрделі және қиын мәселелерді тудыр-
ды, соңында олар
ғаламдық мәселелер
деп аталды. Қазіргі уақытта басты
ғаламдық мәселенің бірі, ол Жердегі соғыстарды тоқтату. Адам шығыны
ғаламдық маңызға ие және өркениетті ары қарай жалғастыру үшін қажет
151
заттар, яғни табиғи ресурстарды сақтау және шаруашылықтың дамуына
бұл теріс әсерін береді.
Әлемде бейбітшілікті сақтау үшін, барлық елдердің күштерін біріктіру
және жаһандану үрдісі жүріп жатыр. Жаһандану – біртұтас ғаламдық
жүйе болып өзгеруіне бағытталған үрдіс. Жаһандану – өркениеттің келесі
сапалы деңгейге қадам басуы.
Жаһандану бірыңғай халықаралық экономикалық, құқықтық және
мәдени-ақпараттық кеңістікті жобалайды. Дүниежүзі елдерін жаһандану
идеясы тек экономикалық тұрғыда шектеліп қалмай, қоғамдық өмірдің
барлық жақтарына өз әсерін тигізеді: саясат, мәдениет, идеология және
ХХІ ғасырдағы әлемдік экономикада басты рөлді атқаратын болады. Себебі,
қазіргі заманда, жағдай қақтығыстан ынтымақтастыққа қарай жылжу
байқалады. Дүниежүзі елдері әлемде келесі мақсаттарды іске асырмақшы:
берік бейбітшілікті орнату, жан-жақты ынтымақтастықты жасау және
ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін шешу. Қазіргі уақытта әлемдік эконо-
микада жаһандану үрдісі жүріп жатыр, яғни әлемдік кеңістікті бірыңғай
аймаққа өзгерту, бұл жерде ақпараттар, тауарлар және қызметтер, капи-
тал еркін орын ауыстыра алады, идеялар емін-еркін таралып, олардың
тасымалдаушылары қазіргі институттарды дамытуға жағдай жасап, еш
кедергісіз қозғала алады.
Әлемдегі ең маңызды стратегиялардың бірі – жаппай қырып-жою қа-
руларының таралуын болдырмау. 1960-шы жалдары КСРО, АҚШ, Ұлы-
британия, Франция, Қытай, Иран, Ирак, ОАР, Жапония сияқты ядролық
державалардың пайда болу себебінен, дүниежүзілік қауымдастық жаппай
қырып-жою қаруының таралу мәселесін қарастыра бастады. Бүгінгі күні
дүниежүзінің 178 мемлекеті (Солтүстік Кореядан басқа) ядролық қаруды
таратпау туралы келісім шартқа қол қойған.
Дүниежүзінде әртүрлі халықтар, этностар, ұлттар тұратын елдер өте
көп, және сол себепті көп ұлтты мемлекеттерде дінаралық және этносара-
лық қақтығыстардың болуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Діни сенім бостандығы – демократиялық қоғам қызметінің маңызды шар-
ты, құқық жүйесінің және адам бостандығының басты бір бөлігі. Бүгін де
дүниежүзілік қауымдастықтар діни саласында туындайтын мәселелерге
қайта оралуда. Адамзат тарихы көрсеткендей, діни саладағы даулардың
соңы қарулы қақтығыстарға әкеліп соғады. Діни сенім бостандығы мәсе-
лесі көптеген елдер үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Түрлі
діни, ұлттық топтардың бейбіт өмірі көбінесе елдегі мемлекеттік саясатқа
байланысты. Ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуде қоғамның да,
қоғамдық ұйымдардың да, жалпы мемлекеттің де рөлі зор.
|