Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет189/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

Су көліктерінің
ішіндегі маңызды рөлді теңіз көлігі атқарады. Теңіз 
көлігі ең арзан және жүк көтеруден жетекші көлік. Мемлекетаралық 
жүк тасымалдаудың 80 %-ы осы көліктің еншісінде. Жүкті ұзақ қашық-
тыққа тасымалдайтын болғандықтан, жүк айналымында бірінші орынды 
алады.
Теңіз көлік жолының жиі орналасқан аймағы Атлант мұхиты. Дүние-
жүзіндегі теңіз арқылы тасымалданатын жүктің 40% бөлігі тиесілі. Ты-
нық мұхитының да көліктік маңызы жоғары. Жағалауында АҚШ, Ресей, 
Қытай, Жапония сияқты алпауыт мемлекеттер орналасқан. Өкінішке орай, 
72-сурет
. Қазақстанның көлік дәліздерінің сызбасы.


167
Қазақстанның аумағы дүниежүзілік мұхитқа тікелей шыға алмайды. Қа-
зақстан үшін ең жас көлік түрі және даму қарқыны жақсы. Қазақстанның 
Каспий теңізінде көршілес Ресей және Азербайжанның теңіз порттарына 
жүк тасып жүрген заманауи «Астана», «Алматы», «Абай», «Алатау» деген 
танкерлеріміз бар.
Өзен көлігі кеме қатынасына жарайтын өзен, көл және каналдарды 
пайдаланады. Жеке мемлекттердің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге 
бағытталған. Теміржол тасымалынан, екі есе арзан болғанымен, порт 
құрылысы шаруашылығын қалыпты деңгейде ұстап тұру көп шығынды 
қажет етеді.
Еуропаның ірі өзен артериялары Рейн, Дунай, Одер, Эльба; Ресей – 
Еділ, Обь, Енисей; АҚШ – Миссисипи және Ұлы көлдер. Қазақстанның 
өзен көлігі тасымалы Ертіс және Жайық өзендерінде жүргізіледі.
әуе көлігінің
ерекшелігі жылдамдығы және кез келген ауданға жүкті 
жеткізе алатындығында. Кемшілігі өте қымбат көлік түрі, сондықтан да 
көбінесе жолаушыларды, жедел және тез бұзылатын азық-түлік жүктерін 
тасымалдайды. Әуе көлігі жақсы дамыған елдер АҚШ (дүниежүзіндегі 
жолаушы тасымалының жартысына жуығы), Франция, Ұлыбритания
Германия, Жапония, Қытай. Қазақстанның басты «әуе айлағы» – Астана. 
Елімізде әуе тасымалымен 20 авиакомпания айналысады. Ең мықтысы 
«Эйр Астана», халықаралық және ішкі жолаушылардың 3/5 бөлігін та-
сымалдайды.
Соңғы кездердегі жылдам дамып жатқаны автомобиль, құбыр және әуе 
көліктері. Теміржол қатынасының рөлі барлық елдерде төмендеп кетті.
Аймақтық көлік жүйесі арасында Солтүстік Америка жүйесін ерекше 
атауға болады. Дүниежүзі бойынша жол қатынасының ұзындығы (дүние 
жүзінің 30 % жуығы тиесілі) және көптеген көліктің жүк тасымалы бойын-
ша жетекші орында. Батыс Еуропаның көлік жүйесінің ерекшелігі, көлік 
жолдарының және қозғалыстың жиілігінде. ТМД елдерінің дүниежүзілік 
көлік жүйесіндегі үлесі 10 %.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет