Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


географиялық зерттеулер әдістері



Pdf көрінісі
бет20/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
2. географиялық зерттеулер әдістері.
География ғылымында ақпа-
рат алудың әртүрлі арнайы тәсілдері бар. Олар бірнеше топқа бөлінеді. 
Картографиялық әдіс – 
ақпараттың негізі ретінде картаны пайдалана-
ды. Бұл әдіс қажетті нысанның орналасқан жерінен басқа, оның өлшемі, 
әртүрлі құбылыстардың таралу деңгейі және басқа да көптеген ақпарат-
тарды бере алады.
Статистикалық әдіс
– халықтарды, елдерді, табиғи нысандарды 
ста тистикалық дерексіз қарастыруға және оқып-үйренуге болмайтын-
дығын дәлелдейді. Яғни тереңдігін, биіктігін, белгілі бір жердің табиғи 
ресурс қорын, оның ауданын, жеке мемлекеттер халқының саны, демо-
графиялық көрсеткіші және өндірісінің көрсеткішін білу қажет.
Тарихи әдіс
– біздің дүниеміз даму үстінде, сондықтан да барлығы-
ның өзіндік бай даму тарихы бар деп есептейді. Олай болса, заманауи 
географияны оқып-үйрену үшін Жердің және онда тіршілік етіп жатқан 
адамзаттың даму тарихын білгеніміз дұрыс.
Географиялық зерттеудің әдісін
 экономикалық-математикалық әдіс 
жалғастырады. Туу және өлім көрсеткіші, халықтың орналасу тығыз-
дығы, ресурспен қамтамасыз етілуі, миграция сальдосы және т.б.
Салыстырмалы – географиялық әдіс
географиялық нысандардың 
ұқсастығы мен айырмашылығын бағалауға көмектеседі. Бұл дүниеде 
барлығы салыстыруды қажет етеді: үлкен немесе кіші, баяу немесе 
жылдам, жоғары немесе төмен және т.б. Бұл әдіс арқылы географиялық 
нысандарды жіктейміз және олардың өзгеру себебін болжай аламыз.
Географиялық зерттеу әдісін
 бақылау әдісінсіз 
көзге елестету мүмкін 
емес. Бақылау әдісі үздіксіз немесе кезеңдік, аудандық және маршрут-
тық, дистанциялық немесе стационарлық болуы мүмкін. Бұл деректер-
дің барлығы географиялық ғылымның дамуына және ондағы өзгерістерді 
анықтауға өзіндік үлесі жоғары. Географияны кабинетте немесе мектеп 


22
партасында отырып, зерттеп, оқып-үйрену мүмкін емес, сондықтан да 
мүмкіндігінше, өз көзіңмен көріп, сезінгенің дұрыс.
Географияны зерттеудегі ең бір маңызды әдістің бірі – 
географиялық 
аудандастыру
. Осы әдіс арқылы экономикалық-географиялық және фи-
зикалық-географиялық аудандарды бөле аламыз. Келесі маңызды әдіс-
тердің бірі – 
географиялық моделдеу әдісі
. География кабинетінің маңызды 
бөлшегі немесе географиялық моделдеудің бір көрінісі глобусты бәріміз 
білеміз. Моделдеу техникалық, математикалық және графикалық деп 
үш топқа бөлінеді. 
Географиялық болжау әдісі
– адамзаттың даму бары-
сындағы болатын өзгерістерді алдына ала болжай білу. Әдістің арқасын да 
адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайтуға, қауіпті құбы лыс-
тардан құтылуға, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Географиялық зерттеудің заманауи әдісі 
ГАЖ – геоақпараттық жүйе. 
Адамдардың картамен компьютерде отырып жұмыс істеуіне жағдай жа-
салған, бағдарлама жүйелері мен статистикалық материалдар енгізілген 
сандық карталық кешен. Интернет желісінің арқасында спутник арқы-
лы түсірілген (GPS –деп аталады)материалдарды қолдануға мүмкіншілік 
туды Олар ақпаратты қабылдайтын, координатын анықтайтын, жер бетін 
бақылайтын навигациялық спутниктер
және әртүрлі аспаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет