жерді қайта құнарландыру – рекультивациялау (лат. re – қайта не кері әсерді
білдіретін қосымша және cultіvo – өңдеу) – бүлінген жерлердің құнарлылығын
қайта қалпына келтіру.
жер сілкіну эпицентрі (орталығы) – жер бетіндегі жер сілкіну ошағы.
Эпицентрдегі сілкіністің күші айналасындағы жерлерге қарағанда жойқын
болып келеді.
жерүсті сулары – жер бетіндегі суқоймасы, ағын су, мұздық немесе қар
күйінде уақытша немесе тұрақты кездесетін сулар.
жерасты суы – жер беті деңгейінен төмен жатқан,
жер қырты - сын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы және топырақ құрамындағы сулар. жер ядросы – Жердің неғұрлым тереңде орналасқан геосферасы. Диаметрі
3470 км. Сыртқы ядросы – сұйық, ішкі ядросы – қатты болып келеді.
жота – созыла орналасқан төбелерден, қырқалардан тұратын тау тізбегі
немесе
көтеріңкі жер бедерінің атауы. жұмбақ найзағай – (
ағылш.
Ball lightning ) бұл табиғат құбылыстары-
ның бірі – шар тәрізді, домалақ найзағай. Диаметрі 10 сантиметр шамасында,
желмен немесе аудағы тоқтың ағымымен қозғалады.
жыра – уақытша жауын және қар суларының бұзу әрекетінен пайда болған
рельефтің ойыс формасы.