198 к картография – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану ту-
ралы ғылым.
Картографиялық проекция – жазыққа Жер бетінің математикалық тәсілмен
түсірілуі.
каньон (шатқал) – өте тік, құз немесе сатылы беткейлі, тек өзен ғана
ағып өтерлік тар, терең өзен аңғарлары.
кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмо-
сферадағы оптикалық
құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан
жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн
шығып тұрған кезде көрінеді.
климат – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі.
климат құрушы факторлар – климатты қалыптастырушы факторлардың
(атмосфера циркуляциясы, жердің төсеніш беті, күн радиациясы, мұхиттық
ағыстар) жалпы атауы.
конденсация – газдың сұйыққа айналуы.
көл – тікелей теңізбен
қосылмаған құрлықтың суға толы дербес ойыстары.