26
көрнекілік береді және мазмұнын байытады. Кейбір шартты белгілер үшін
қабылданған түстер бейнеленген нысанның бояуына сәйкес келеді.
Ормандарды, бұталарды, бақшаларды және саябақтарды жасыл түспен
белгілейді; ал теңіздерді, өзен-көлдерді – ашық көк түспен; жер бедерінің
элементтерін – қоңырмен.
Бұл дүние жүзінің барлық карталарында қолданылатын дәстүрлі
түстер. Планда шартты белгілерді заттың өзіне ұқсайтындай етіп сала-
ды. Мысалы, қылқан жапырақты орманның белгісі жасыл шыршамен,
шалғынның белгісі шөптердің сабақтарымен, ал өзен-көлдерді көгілдір
сумен, құмдарды қоңыр нүктемен бейнелейді. Даланы, орманды, саз
батпақтарды, ауыл шаруашылық жерлерді үлкен аймақтарының шека-
раларын кішкентай нүктелермен белгілейді. Жолдар, көшелер, кішігірім
өзендер, жылғалар сызықтар түрімен белгіленген. Шартты белгілерді оқып
тану қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: