28
Картаны білу
– оқып жатқан география курсындағы
нысандардың жеке пішінін және аттарын, салыстырмалы
өлшемін, орналасқан жерін жатқа білу. Картаны білу,
географиялық номенклатураны білу арқылы жүзеге
асады
.
Оқушылар картамен жұмыс істегенде нысандардың
орналасқан жерін ойша жатқа білуі керек. Өзен жүйе-
лерінің орналасуын есте сақтау үшін білуі қажет: қайдан
басталады, қайда құяды, қандай аумақтар арқылы ағып өтеді (қырат,
ойпат, таулы үстірт және т.б).
Көптеген географиялық нысандарды есте сақтауға дағдылану қажет.
Нысандардың кеңістіктегі орналасуын географиялық атлас (соңғы бетінде
географиялық атауларға нұсқау берілген) арқылы табу оңай.
Достарыңызбен бөлісу: