2. литосфералық катаклизмдердің пайдасы. Ғалымдар табиғаттағы
литосфералық катаклизмдердің адамдарға қауіп туғызып қана қоймай,
олардың күнделікті өмірде тигізетін пайдасын да анықтай білген. Мыса-
лы, Индонезияның Ява және Суматра аралының аралығындағы Кракатау
жанартауы, 1883 жылға дейін, 200 жыл бойы тыныш күйде болған. 1883
жылы мамыр айының басында басталып, тамыз айының аяғында апатты
деңгейде атқылады. Атқылау кезінде бөлініп шыққан энергияның күші,
мыңдаған сутегі бомбасының күшіне тең болған. Егер де жер бетіндегі
барлық жанартаулардың энергиясын пайдаға жарататын болсақ, қуатты-
лығы 500 млн. квт. болатын электр стансасын салуға болар еді.
Гейзер сулары: олардың ыстық суы мен буын тұрғын үйлерді жылы-
туға, түрлі жылыжайды, монша, кір жуатын бөлмелерді және басқа да
өнеркәсіп қажеттіліктерінде кеңінен қолданылады.
Қазіргі кездегі жанартаулы аудандарда, жерасты ыстық суларының
жер бетіне шығып жатқан жерлері бар.