§ 16. Атмосферажәне оның құрамдас бөліктері негізгі ұғымдар: атмосфера, ауа, су буы, аэрозолдар, ионосфера, озон,
ғаламшардың озон қабаты.
1. Атмосфера және оның жердегі тіршілік үшін маңызы. Ежелгі
грек тер Жерді қоршап тұрған қабықты атмосфера (гректің «atmos» – бу
және «sphaira» – шар сөздері) деп атаған.
Атмосфера – ғарыштық кеңістікте Жермен бірге айналатын ғаламша-
рымыздың жеңіл газ кабаты. Ол арқылы ғарыш пен Жердің арасында зат
алмасу үрдісі жүреді. Жер ғарыштан, ғарыштық шаң-тозаңдар мен түрлі
денелерді қабылдап, шекарасының жоғарғы бөлігінде жеңіл газдардан
(сутегі және гелий) айырылып қалады.
Метеориттік заттар ауадағы оттегімен реакцияға түсіп, шаң-тозаңды
газ тәріздес оксидке айналып, атмосфераға тарап кетеді.
Атмосфераның қасиеті жайлы сен 2-сыныптан Жаратылыстану пәнінен
таныстың. Есіңе түсіріп көр! Ол қандай қасиеттер?
Демек, атмосферасыз жер бетінде тірішілік болуы мүмкін емес. Ат-
мосферасыз тәуліктік температураның ауытқуы, ғарыштық сәулелердің
еркін енуі, метеориттік жаңбырлар жердегі тіршіліктің пайда болуына
мүмкіншілік бермеген болар еді.