53
жай күйіне және кез келген аймақтың ауа райы-
на бақылау жүргізуге болады.
Жер бетіндегі
метеорологиялық станса-
лардың деректері бойынша ауа райы картасы
жасалады. Ауа
райын бақылау атмосфераға
зонд шарларын, радиозонд, ұшақ
және арнайы
зымырандарды
ұшыру арқылы да жүргізіледі.
Ғылымның дамуы және заманауи техно-
логияларды пайдалану
нәтижесінде ауа райы
сипатының сандық есептері және болжам жасау
автоматтандырылған. Белгілі бір жердегі ауа
райына қысқа болжам жасау үшін
жергілікті жердің ауа райы белгілері
ескеріледі. Ондай белгілер ауыл шаруашылығымен
айналысатын оты-
рықшы халыққа белгілі немесе тұрғындардың көп жылдық тәжрибесінен
алынған. Жергілікті жердің ауа райы белгілерінің физикалық негізі бар
және қолжетімділігімен құнды.
Жергілікті жердің ауа райы белгілері кестесін құрастырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: