Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 19–20. Ауа райының метеорологиялық элементтері



Pdf көрінісі
бет61/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
§ 19–20. Ауа райының метеорологиялық элементтері
негізгі ұғымдар: 
климат, климат құрушы факторлар, күн радиация сы, 
радиациялық баланс.
Картамен жұмыс.
1. Қазақстанның географиялық орнының қандай 
ерекшелігі климатқа әсер етеді? 2. Өздерің таныс климаттық факторларды 
естеріңе түсіріңдер? 3. Қазақстанға тән шілде және қаңтардың изотерма 
сызықтары қай жермен өтетінін климаттық карта бойынша анықтаңдар? 
4. Қазақстанның жеке аймақтарындағы жауын-шашынның мөлшері 
қандай? 5. Қазақстандағы қыс және жаз айларындағы басым желдердің 
бағытын анықтаңдар?
1. климаттың ерекшелігін айқындайтын факторлар.
Қоңыржай белдеудегі барлық физикалық географиялық үрдістерде 
маусымдық өзгерістер байқалады. Бұл үрдіс климатқа да тән.
Грекше климат – «еңкіш», «еңкею» деген мағынаны білдіреді.
Климат дегеніміз – белгілі бір ауа режимімен анықталатын және сол 
жерге тән атмосфераның жай-күйі.
22-сурет
. Климат құрушы факторлар


55
Жергілікті жердің жер 
бедері, тау жоталары
-
ның бағыты, беткейдің күнгей, 
теріскей және желдің өтіне 
қарай орналасуы, аңғардың 
ені, беткейдің еңкіштігі және 
т.б. 
климаттың қалыптасуына 
кәдімгідей әсер етеді.
Климаттың географиялық факторларына: географиялық ендік; теңіз 
деңгейінен биіктігі; Жер бетіндегі су мен құрлықтың орналасуы; құрлық
бетінің жер бедері; мұхиттық ағыстар;өсімдік жамылғысы; қар және мұз 
жамылғысы. Адамның шаруашылық іс-әрекеттері де ерекше орында.
Климат элементтерінің зоналық таралуы географиялық ендікке тә-
уелді. Температураның зона бойынша таралуы, климаттың қалған эле-
менттерінің де зоналық таралуына әсер етеді. Географиялық ендіктің, 
метеорологиялық элементтердің таралуына әсері биіктеген сайын айқын 
байқалады. Атмосфералық қысым биіктеген сайын төмендейді, күн радиа-
циясы жоғарылайды, температура төмендейді (суытады), желдің бағыты 
және жылдамдығы өзгереді. Тауларда биіктеген сайын бұлттылық пен 
жауын-шашынның мөлшері өзгереді. Нәтижесінде, тауларда биіктік кли-
маттық зоналылық қалыптасады.
Биіктік климаттық зоналарда ауысып отыруы, ендік бағыттағы кли-
маттық зоналарды еске түсіреді. Айырмашылығы,
көлденең бағыттағы өзгерісі үшін мыңдаған шақырым 
қажет, таулардағы өзгерісті байқау үшін бір шақырым 
көтерілсең жеткілікті.
Құрлық пен судың таралуына байланысты кли-
матты – 
теңіздік және континенттік 
деп екі топқа 
бөлеміз.
Мұхиттық ағыстар, теңіз бетіндегі температура-
лық режимді күрт өзгертеді және ауаның темпера-
турасына, атмосфера циркуляциясына ықпал етеді.
Қалың өскен шөп жамылғысы, топырақтың тәуліктік амплитудасын 
азайтып, оның орташа температурасын төмендетеді.
Өсімдік жамылғысы (орман) микроклиматқа әсер етеді. Ауаның жерге 
жақын қабатына әсер ете отырып кішігірім аумаққа таралады.
Қар және мұз басқан жердің төсеніш беті, күн радиациясын күндіз 
қатты шағылыстырады, ал түнде қатты суынады. Сондықтан да оның 
үстіндегі ауа тез суынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет