§ 18. Ауа райы және оның метеорологиялық элементтері негізгі ұғымдар : ауа райы, метеорологиялық элементтер, ауа райының
типтері, ауа райын болжау, синоптикалық метеорология, ауа райы
картасы, синоптикалық карта, жергілікті жер ауа райының белгілері.
1. Ауа райы. Атмосфераның жай күйін ұдайы өзгеріске ұшырататын
көптеген физикалық үрдістер табиғатта болып тұрады. Жер бетінің белгілі
бір жерде, белгілі бір аймақта болып тұратын атмосфераның жай күйін
ауа райы дейді. Ауа райының сипаты: ауа температурасы, бұлттылық,
атмосфералық жауын-шашын, жел және т.б. бұларды
метеорологиялық элементтер дейміз.