§ 17. Атмосфераның құрылысы
негізгі ұғымдар:
атмосфера қабаты, тропосфера, стратосфера, мезо-
сфера, термосфера, экзосфера, күмістүстес бұлттар, жер тәжі.
1. Атмосфера қабатының құрылысы.
Атмосфераның құрылысы
бірнеше қабаттардан тұрады. Әртүрлі биіктікте ауаның мөлшері бірдей
емес. Температурасы, тығыздығы, құрамындағы газ және судың мөлшері
бойынша айырмашылық жасайды. Атмосфера бір-бірінен, әсіресе, темпера-
турасы бойынша айырмашылық жасайтын бес
сфераға
бөлінеді. Сфералар
бір-бірінен – бос кеңістік арқылы бөлінеді (20-сурет).
Атмосфераның ең төменгі қабаты –
тропосфера
(20–21-сурет). Жоғарғы
шекарасы 17-18 км биіктікке дейін көтеріледі, төменгі шекарасы жер
бетімен шектеседі. Қалыңдығы бір-
дей емес. Экватордың үстінде 18 км,
поляр маңында 8-9 км, орталық бел-
деулерде 10-11 км. Экватор маңында
атмосфера қабатының қалың болу
себебі, ауаны Күннің қатты қызды-
руынан оның көлемі ұлғаяды. Поляр
маңында керісінше болады.
Ауа массасының 90%-ы су буы
мен әртүрлі қоспалар тропосферада
шоғырланған. Тропосферада жү-
ріп жатқан үрдістер, ауа райының,
50
2климаттың қалыптасуына тіршіліктің және адамның іс-әрекетіне әсер
етеді.
Атмосфера күннің энергиясының көп бөлігін еркін өткізгендіктен
жер беті жылынады. Жер бетінің қызуынан бөлінген жылу тропосфераға
берілгендіктен, тропосфераның төменгі қабатының температурасы жоғары
болып келеді. Қабаттағы ауа температурасы, әрбір километрге көтерілген
сайын 6 градусқа төмендейді.
Тропосферада ауа массаларының қозғалысы, бұлттардың түзілуі
және жауын-шашынның болуы тоқтаусыз жүріп жататын үрдіс. Ауа-
ның көлденең бағытта қозғалысы көбінесе батыстан шығысқа қарай
бағытталған.
Атмосфераның жер бетімен түйісетін ең төменгі қабатын
жер үсті
деп
атайды. Бұл жерде тірі организмдердің жер үсті – ауа тіршілік ортасы
қалыптасқан. Бұл жерде құстар ұшады, 10 000 метр биіктікте өсімдік-
тердің тозаңдары табылды. Одан жоғары биікте белсенді емес саны аз
микроорганизмдер кездеседі.
Тропосфераның жоғарғы жағында, шекарасы 50-55 километрге дейін
жететін
стратосфера
қабаты орналасқан. Стратосфераның ауасы біршама
тығыз, сондықтан да оттегінің мөлшері аз (аз мөлшерлі оттекті ауа), су
булары жоқтың қасы, температурадағы ауытқу мардымсыз.
Адамзаттың қазіргі кездегі өмір сүру ортасы атмосфераға, озон қабатын
жоятын химиялық заттар қосылуда. Озон қабатының жұқаруы, Жердегі
барлық тіршілікке кері әсерін тигізетін сәулелердің өтуіне мүмкіншілік
туғызады.
21-сурет
. Атмосфераның құрылысы және тропосфераның қалыңдығы
|