50
2климаттың қалыптасуына тіршіліктің және адамның іс-әрекетіне әсер
етеді.
Атмосфера күннің энергиясының көп бөлігін
еркін өткізгендіктен
жер беті жылынады. Жер бетінің қызуынан бөлінген жылу тропосфераға
берілгендіктен, тропосфераның төменгі қабатының температурасы жоғары
болып келеді. Қабаттағы ауа температурасы, әрбір километрге көтерілген
сайын 6 градусқа төмендейді.
Тропосферада ауа массаларының қозғалысы, бұлттардың түзілуі
және жауын-шашынның болуы тоқтаусыз жүріп жататын үрдіс. Ауа-
ның көлденең бағытта қозғалысы көбінесе
батыстан шығысқа қарай
бағытталған.
Атмосфераның жер бетімен түйісетін ең төменгі қабатын
жер үсті
деп
атайды. Бұл жерде тірі организмдердің жер үсті – ауа тіршілік ортасы
қалыптасқан. Бұл жерде құстар ұшады, 10 000 метр биіктікте өсімдік-
тердің тозаңдары табылды. Одан жоғары биікте белсенді емес саны аз
микроорганизмдер кездеседі.
Тропосфераның жоғарғы жағында, шекарасы 50-55 километрге дейін
жететін
стратосфера
қабаты орналасқан. Стратосфераның ауасы біршама
тығыз, сондықтан да оттегінің мөлшері аз (аз мөлшерлі оттекті ауа), су
булары
жоқтың қасы, температурадағы ауытқу мардымсыз.
Адамзаттың қазіргі кездегі өмір сүру ортасы атмосфераға, озон қабатын
жоятын химиялық заттар қосылуда. Озон қабатының жұқаруы, Жердегі
барлық тіршілікке кері әсерін тигізетін сәулелердің өтуіне мүмкіншілік
туғызады.
21-сурет
. Атмосфераның құрылысы және тропосфераның қалыңдығы