Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет67/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

Естеріңде болсын! 
Негізгі қағида – кішігірім жердің ауа райы карта-
сына сараптама жасай білу: оның ең маңызды көрсеткіші атмосфералық 
қысым.
Атмосфералық қысым аймағы белгілі бір ауа райына байланысты 
қалыптасатындықтан, оның маңызын оқып үйренеміз. Қалыпты атмо-
сфералық қысымның мөлшерін 1013 мб (760 мм сынап бағанасы) деп 
есептелінеді. Жоғары атмосфералық қысымның көрсеткіші – 1030 мб, 
төмен қысымды аймақтың көрсеткіші 1000 мб. Синоптикалық картадағы 
қысымның мөлшерін анықтау үшін изобар сызығының мағынасын білуіміз 
керек. Изобаралар сызығы – бірдей қысым аймақтарын көрсетеді.
Изобар желдің бағытын және жылдамдығын анықтағанда маңызды рөл 
атқарады. Изобарлар тұйық шеңбер жасағандағы ең қысқа ортасындағы 
шеңбер, қысымның ортасын көрсетеді. Бұл жоғары қысым аймағы болуы 


60
27-сурет
. Синоптикалық карта 
28-сурет
. Синоптикалық картаның түрлері 


61
мүмкін. «Ж» әрпімен белгіленеді. Төмен қысым аймағы болса «Т» әрпімен 
белгіленеді. Солтүстік жарты шарда, төмен қысымды аймақтағы желдің 
бағытын сағат тіліне қарсы изобармен көрсетеді – бұны циклон дейді. Егер 
сағат тілімен бағыттас көрсетілсе жоғары қысымды – антициклон болға-
ны. Изобарлар бір-біріне жақын орналасқан сайын желдің күші сонша-
лықты күшейе түседі деген мағынаны білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет