1. Атмосфералық құбылыс. Атмосфералық құбылыстар ауа райының
негізгі элементтері. Мұнар, тұман, түнек, атмосфераның электрленуінен
және төменгі температуралық жағдайда қалыптасатын атмосфералық
құбылыстар. Ауаның әртүрлі ұсақ аэрозол қоспалары арқылы көмескіле-
нуінен көру ұзақтығының нашарлайтынын білеміз.
Ауаның кішігірім көмескіленуін
мұнарлану дейміз. Мұнарлану жоғары
биіктіктерде байқалатын болса, аспанда ақтаңдақтар пайда болады. Егер
де жер бетіне жақын болса, ландшафттардың айқын көрінісі көмескіленіп
көру ұзақтығы төмендейді. Көру ұзақтығы дегеніміз – нысандардың
көрінісін айқындау арақашықтығы.
тұман дегеніміз – ауаны көмескілендіретін бөлшектердің (тамшы-
лар мен кристалдардың ауадағы тоғысуы) жер бетіне жақын орналасуы.
Нәтижесінде, жер бетіне қалың тұман түскенде көру ұзақтығы оншақта
метрден бірнеше метрге дейін жетуі мүмкін.
Қазақстанның далалы, шөлейтті және шөлді зоналарында өрттің немесе
құмды шаңның әсерінен ауаның көмескіленуі байқалады. Топырақ бетінен
ауаға қатты бөлшектердің көтерілуінен пайда болатын құбылысты
қара түнек немесе
түнек дейміз. Осындай қара шаңды борандар топырақтың
құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, топырақ эрозиясына алып келеді.
Шық – 0°-тан жоғары жағдайда ағаш жапырақтарында және топы-
рақ бетінде пайда болатын судың ұсақ тамшылары. Ашық тыныш түнгі
мезгілде ауа біршама суынып, ауадағы су конденсацияға ұшырап ұсақ
тамшы күйінде жапыраққа және топырақ бетіне жиналады. Күннің көзі
шығысымен біртіндеп буланып кетеді.
кемпірқосақ – Күннің жарығы түсіп, жаңбыр жауып тұрған бұлттар-
дың төменгі жағында көрінетін құбылыс. Радиусы 42° шамасында бола-
тын, әртүрлі түстерге бөлінген ашық доға. Кемпірқосақ тікелей түскен
күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, әртүрлі құрамдас
бөліктерге бөлінуінің және тамшы бетінен сәулелердің шағылуы нәти-
жесінде пайда болады.