3. Атмосфералық жауын-шашын . Қазақстан аумағындағы жа-
уын-шашынның таралуы циркуляциялық факторларға және бедерінің
ерекшелігіне байланысты өзгереді.
Қазақстан аумағының жер бедері күрделі болуына байланысты жа-
уын-шашынның біркелкі таралуына кедергі жасайды. Жауын-шашынның
таралуында өзіндік заңдылықтары бар. Оның мөлшері оңтүстіктен сол-
түстік бағытқа және батыстан шығысқа қарай көбейеді. Тау беткейлері
биіктеген сайын жауын-шашын көбейе береді.
Қазақстанның жазықты аймақтарына ылғал аз түседі. Орманды дала
зонасына жылына орта есеппен 300-400 мм жауын-шашын түссе, дала
зонасына 250 мм шамасында. Қазақтың ұсақ шоқысында 350 мм-ге дейін
көтерілсе, Ертіс маңы жазығында 200-250 мм-ге дейін төмендейді. Шөлейт
және шөл зоналарында 200-100 мм. Жауын-шашынның ең аз түсетін
жерлері Балқаш маңы, Арал маңы Қызылқұмның оңтүстік-батысы және
Үстірттің оңтүстігі.
Тау алды және таулы аймаққа жылына 400–1600 мм аралығында жа-
уын-шашын түседі. Ылғалды ауа массаларының жолына таулар кедергі
келтіріп, ылғалдың түсуіне өзгеріс енгізеді. Қазақстандағы ең ылғалды
жер Алтай тауының батыс сілемдері, жылына 1500-2000 мм, кейде одан
да көп ылғал түседі. 1979 жылғы гидрометеорологиялық бақылаудың
деректері бойынша ылғалдың мөлшері 4000 мм-ден асып түскен.
Бұл аймақтардағы ылғалдың мол түсетіндігін мұздықтарының болуы-
нан да аңғаруға болады. Алтайдың шығыс беткейлері, оған жақын жатқан
34-сурет . Кенді Алтай жотасының қысқы мезгілі
70 қазаншұңқырларда ылғал аз түседі. Зайсан қазаншұңқырының орталық
бөліктерінде бар жоғы 119-220 мм аралығында түседі.