Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


 Адамдардың климатқа әсері



Pdf көрінісі
бет75/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
3. Адамдардың климатқа әсері.
Соңғы кездері 
адамның шаруашылық әрекетінен климатта үлкен 
өзгерістер байқалуда. Адамның климатқа әсері
тұтас табиғаттағы топыраққа, суға, өсімдіктерге 
және т.б. жағдайларға әсер етуі басталды.
Атмосфераны ластаушы негізгі заттар: көмір 
қышқыл газы, азот оксиді, күкіртті газдар, амми-
ак, улы шаң, ыс және қорғасын, мырыш, мыс сияқты ауыр металдар. 
Тау кен өнеркәсібі дамыған қалалардың немесе кенттердің маңына жан 
басына шаққанда бір тонна зиянды қалдықтар түсетіндігі дәлелденді. Бұл 
жерлердегі ластану деңгейі қысы-жазы сақталынады.
Атмосфераның ғаламдық ластануы бүкіл биосферадағы тіршілікке 
үлкен зардап алып келуде.
Қазіргі таңда атмосфераны қорғау проблемасы бүкіл адамзатты ой-
ландыруда. Көптеген ғылыми орталықтар бірлесіп жұмыс істеп, топырақ, 
су және өсімдіктердің биосферамен арасындағы байланысын зерттеп, өз-
дерінің тиімді деп есептеген жобаларын ұсынуда. 
Өсімдік жамылғысы адамды тек қажетті тағам түрлері, шикізат, 
энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоршаған ортада санитарлық-
сауықтыру жұмысын да жасайды. Топырақты жасыл желектендіріп қана 
қоймай, эрозиядан және жоғары температура амплитудасынан да сақтау 
қажет.
Жасыл желектер ауадағы көмір қышқыл газын азайтумен бірге от-
текпен байытып, қаланың микроклиматын реттеуге де көмегін тигізуде.
Ағаштар, бұталар және шөптер ауадағы шаңның 72%-ын, күкіртті 
газдың 60%-ын өзіне қабылдап алады екен. Кішігірім бақшаның өзінде 
айналасындағы ашық жерлерде шаң-тозаңдардың мөлшері 30%-ға аз 
болады екен.
Көше бойындағы жасыл желектер қаладағы шуды 20%-ға азайтуы 
мүмкін. Ағаштар мен бұталар дыбыстық толқындардың таралуына ке-
дергі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет