Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 23. климаттың негізгі метеорологиялық элементтерінің



Pdf көрінісі
бет77/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
§ 23. климаттың негізгі метеорологиялық элементтерінің 
 
таралу заңдылығы
негізгі ұғымдар: 
ауа температурасы, биіктік белдеулік, температура 
инверсия, изотерма, жылдық амплитуда, бұлттылық, атмосфералық 
жауын-шашын, буланушылық, қар жамылғысы, лай-қар көшкіндері.
1. Қазақстан аумағындағы 
ауа температурасының таралуы
,
радиа-
циялық жағдайына, жер бедерінің ерекшелігіне, атмосфера циркуляция-
сына байланысты және маусымға сәйкес өзгеріп тұрады. Жиынтық күн 
радиациясы жазғы және күндізгі ауа температурасының мөлшеріне 
ықпал етеді, ал жерден бөлінген жылу эффектісі қысқы және түнгі 
температураға әсер етеді. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік- шығыс 
аймақтарының таулы болып келуіне байланысты 
биіктік белдеулік
кли
-
мат
қалыптасқан.
Температуралық режим әр аумаққа сырттан келген ауа массаларының 
қасиетіне байланысты қалыптасады. 


68
Қазақстанның аумағына жыл 
бойы континентті қоңыржай ауа 
массасының (кқАА) әсер ететіндігін 
білеміз. Алайда, оның қасиеті мау-
сымдық өзгерістерге байланысты 
ылғал мен жылудың мөлшеріне сәй-
кес өзгеріп отырады.
Қазақстан аумағы қыс айларын-
да антициклонның әсерінен радиа-
циялық баланысы теріс болып келеді.
Жылудың солтүстіктен оңтүстік-
ке қарай заңды түрде өзгеруі – ауа 
температурасының және метеоро-
логиялық элементтерінің қалыпта-
суына әсер етеді. Қаңтар айының 
орташа температурасы солтүстік 
және шығыс аймақтарында –18°С-қа 
жетсе, оңтүстіктің жазықтарында 
–3°С шамасында. Қыста аласа және 
орташа биік тауларда 
температура 
инверциясы
байқалады. Тау аралық 
ойыстарға және жазыққа қарағанда жылырақ болып келеді.
Қазақстанның тауалды жазықтарында температура 13–15
о
С аралығын-
да болса, ойысты жерлерде –24-тен –27
о
С-қа дейін жетеді. Солтүстік және 
солтүстік-шығыс аудандарында температура –40
о
С-тан –55
о
С-қа дейін 
барады (қаңтар 1969, қараша 1987, 2011 жылдар).
Жоғары континенттік көрсеткіш солтүстік және солтүстік-шығыс 
аудандарға тән. Қаңтар және шілде айларының орташа температурасы 
арасындағы айырмашылық (жылдық амплитуда) 41
о
С-қа жетеді. Оңтүстік-
ке жылжыған сайын жазық жерлердегі айлық орташа температураның
жылдық амплитудасы
37–39
о
С, қиыр оңтүстікте 30–35
о
С.
Жазғы уақыттағы жоғарғы ауа температурасы өсімдіктердің өсуіне 
және топырақтың қалыптасуына үлкен жағдай жасайды.
2. Бұлт.
Атмосферадағы конденсацияға айналған 
су тамшылары мен 
кристалдарды
бұлт
дейміз. Бұлт құрамындағы тамшылар мен кристал-
дардың өлшемі өте кішкентай. Бұлттар ауа ағымы арқылы қозғалады. 
Тропосферадағы бұлттардың пішіні алуантүрлі болып келеді. Сыртқы 
көрінісі бойынша 10 түрге бөлінеді. Солардың арасындағы негізгі төртеуіне 
тоқталып өтейік. Олар: 
шарбы, қабатты, будақ және будақ жаңбырлы 
бұлттар.
32-сурет
. Шарбы бұлттар
33-сурет
. Будақ бұлттар


69
Орналасу биіктігіне қарай бұлттар үш топқа бөлінеді: жоғарғы, орташа 
және төменгі. Қоңыржай белдеудің жоғарғы топқа жататын бұлттары 5-13 
км биіктік аралығында, орташасы 2-7 км, төменгісі 2 км-ге дейін кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет