68
Қазақстанның
аумағына жыл
бойы континентті қоңыржай ауа
массасының (кқАА) әсер ететіндігін
білеміз. Алайда, оның қасиеті мау-
сымдық
өзгерістерге байланысты
ылғал мен жылудың мөлшеріне сәй-
кес өзгеріп отырады.
Қазақстан аумағы қыс айларын-
да антициклонның әсерінен радиа-
циялық баланысы теріс болып келеді.
Жылудың солтүстіктен оңтүстік-
ке қарай заңды түрде өзгеруі – ауа
температурасының және метеоро-
логиялық элементтерінің қалыпта-
суына әсер етеді.
Қаңтар айының
орташа температурасы солтүстік
және шығыс аймақтарында –18°С-қа
жетсе, оңтүстіктің жазықтарында
–3°С шамасында. Қыста аласа және
орташа биік тауларда
температура
инверциясы
байқалады. Тау аралық
ойыстарға және жазыққа қарағанда жылырақ болып келеді.
Қазақстанның тауалды жазықтарында температура 13–15
о
С аралығын-
да болса, ойысты жерлерде –24-тен –27
о
С-қа дейін жетеді. Солтүстік және
солтүстік-шығыс аудандарында температура –40
о
С-тан –55
о
С-қа
дейін
барады (қаңтар 1969, қараша 1987, 2011 жылдар).
Жоғары континенттік көрсеткіш солтүстік және солтүстік-шығыс
аудандарға тән. Қаңтар және шілде айларының орташа температурасы
арасындағы айырмашылық (жылдық амплитуда) 41
о
С-қа жетеді. Оңтүстік-
ке жылжыған сайын жазық жерлердегі айлық орташа температураның
жылдық амплитудасы
37–39
о
С, қиыр оңтүстікте 30–35
о
С.
Жазғы уақыттағы жоғарғы ауа температурасы өсімдіктердің өсуіне
және топырақтың қалыптасуына үлкен жағдай жасайды.
2. Бұлт.
Атмосферадағы конденсацияға айналған
су тамшылары мен
кристалдарды
бұлт
дейміз. Бұлт құрамындағы тамшылар мен кристал-
дардың өлшемі өте кішкентай. Бұлттар ауа ағымы арқылы қозғалады.
Тропосферадағы бұлттардың пішіні алуантүрлі болып келеді.
Сыртқы
көрінісі бойынша 10 түрге бөлінеді. Солардың арасындағы негізгі төртеуіне
тоқталып өтейік. Олар:
шарбы, қабатты, будақ және будақ жаңбырлы
бұлттар.
32-сурет
. Шарбы бұлттар
33-сурет
. Будақ бұлттар
69
Орналасу биіктігіне қарай бұлттар үш топқа бөлінеді: жоғарғы, орташа
және төменгі. Қоңыржай белдеудің жоғарғы топқа жататын бұлттары 5-13
км биіктік аралығында, орташасы 2-7 км, төменгісі 2 км-ге дейін кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: