71
Қазақстанның таулы аудандарында, әсіресе,
Іле Алатауы, Оңтүстік
және Кенді Алтай тауларында қауіпті қар көшкіндері жиі болып тұрады.
Қар көшкіні қауіпті табиғи құбылыс болғандықтан, ландшафтқа қат-
ты әсер етеді. Орман арасындағы ерекше ойыс соқпақтарды, беткейден
көптеген тас араласқан жыныстарды етекке жинап тастайды.
Көшкіндер өзен арналарын бітеп, қысқы су
тасқынының пайда бо-
луынан көлік және темір жол, егістік жерлер, елді мекендер су астында
қалады.
Қазақстанның барлық облыстарында Қазгидрометтің қарөлшегіш
бөлімшелері жұмыс істейді. Бөлімшенің
жұмысы қар жамылғысының
қалыңдығын, таралуын, жату ерекшелігін және қардың қорын есептейді.
Қар көшкіндері болатын жерлерді болжау арқылы, алдын ала ескертіп
отырады. Қарөлшегіш бөлімшенің деректері шаруашылық салаларын
тиімді жүргізуге,
әсіресе ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы,
көлік, тау туризмі қызметтеріне өте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: