Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет78/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
3. Атмосфералық жауын-шашын
. Қазақстан аумағындағы жа-
уын-шашынның таралуы циркуляциялық факторларға және бедерінің 
ерекшелігіне байланысты өзгереді. 
Қазақстан аумағының жер бедері күрделі болуына байланысты жа-
уын-шашынның біркелкі таралуына кедергі жасайды. Жауын-шашынның 
таралуында өзіндік заңдылықтары бар. Оның мөлшері оңтүстіктен сол-
түстік бағытқа және батыстан шығысқа қарай көбейеді. Тау беткейлері 
биіктеген сайын жауын-шашын көбейе береді.
Қазақстанның жазықты аймақтарына ылғал аз түседі. Орманды дала 
зонасына жылына орта есеппен 300-400 мм жауын-шашын түссе, дала 
зонасына 250 мм шамасында. Қазақтың ұсақ шоқысында 350 мм-ге дейін 
көтерілсе, Ертіс маңы жазығында 200-250 мм-ге дейін төмендейді. Шөлейт 
және шөл зоналарында 200-100 мм. Жауын-шашынның ең аз түсетін 
жерлері Балқаш маңы, Арал маңы Қызылқұмның оңтүстік-батысы және 
Үстірттің оңтүстігі. 
Тау алды және таулы аймаққа жылына 400–1600 мм аралығында жа-
уын-шашын түседі. Ылғалды ауа массаларының жолына таулар кедергі 
келтіріп, ылғалдың түсуіне өзгеріс енгізеді. Қазақстандағы ең ылғалды 
жер Алтай тауының батыс сілемдері, жылына 1500-2000 мм, кейде одан 
да көп ылғал түседі. 1979 жылғы гидрометеорологиялық бақылаудың 
деректері бойынша ылғалдың мөлшері 4000 мм-ден асып түскен.
Бұл аймақтардағы ылғалдың мол түсетіндігін мұздықтарының болуы-
нан да аңғаруға болады. Алтайдың шығыс беткейлері, оған жақын жатқан 
34-сурет
. Кенді Алтай жотасының қысқы мезгілі


70
қазаншұңқырларда ылғал аз түседі. Зайсан қазаншұңқырының орталық 
бөліктерінде бар жоғы 119-220 мм аралығында түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет