75 Мұхит және атмосферамен қатар, құрлық қатысатын су айналымын – үлкен немесе дүни - ежүзілік су айналымы деп атайды.
Құрлықта мұхитқа шыға алмайтын су көздері де
бар. Оларды ішкі
ағынды немесе
ағынсыз сулар деп
атайды. Бұл аумаққа түскен жауын-шашын толық
буланып кетеді. Ауа ағыны мұхиттан да, құрлықтан
да буланатын ылғалды тасымалдайды. Құрлықтан
буланған ылғал мұхитқа жетпей тұрып, ол бірнеше рет құрлыққа жауын
күйінде түсіп буланады, осылай құрлық ішінде де кіші ылғал айналымы
жүреді.
Су айналымына өсімдіктер де қатысады. Олар ылғалды бойына сіңіріп,
қайта буландырады. Алайда, адамдар күн сайын ормандарды кесуде.
Анықталғандай, үлкен аумақтардағы ормандарды кесу өзендердің су ағы-
нын арттырады. Олар кемерінен шығып, адамдарға және шаруашылыққа
үлкен зардабын тигізеді.