Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 24. гидросфера және оның құрамдас бөліктері



Pdf көрінісі
бет82/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
§ 24. гидросфера және оның құрамдас бөліктері
негізгі ұғымдар: 
гидросфера, судың қасиеті, су ресурстары, көл ре-
сурстары, жерүсті және жерасты сулары, термальды су, су айналымы: 
кіші, үлкен, булану, конденсация, ағын, тау мұздықтары. 
1.
гидросфера 
– ғаламшарымыздың су қабаты. Су – Жердегі ең көп 
таралған заттардың бірі. Су дегеніміз – ол мұхиттар, теңіздер, өзендер, 
көлдер, су қоймалары, тау басындағы қар жамылғысы, мұздықтар, мұзтау-
лар (айсбергтер) және т.б. Осының барлығы бірге Жердің су қабатын, 
яғни 
гидросфераны
құрайды. Жердің гидросфера қабаты өте қозғалмалы, 
сондықтан, олар барлық табиғи түзілістерге қатыса алады. Гидросфера 
сонымен бірге, Жердің басқа қабықтарымен де тығыз байланыста.
Гидросферада сулардың ара салмағы әртүрлі. Яғни, судың 96,5%-ы 
Мұхиттарға тиесілі болып келеді, 1,7%-ы – жерасты суларына, 1,7%-ы 
– мұздықтарға, ал құрлықтағы жерүсті суларына (өзендер, көлдер, бат-
пақтар) – небәрі 0,01% тиесілі. Бұның барлығы Жер бетінің 3/4 бөлігін 
алып жатыр. 
Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың ішінде тек Жер ғана үлкен 
мұхит алабына ие. Шолпан ғаламшарының атмосферасындағы су, тек бу 


73
(0,1%-дан кем) күйінде ғана кездеседі. Ал Айда су тіптен жоқ – бұны 
ғарыштық аппараттар және Айға барып келген ғарышкерлер дәлелдеген.
Қазақстан қандай су ресурстарына бай?
37-сурет
. Гидросфера суларының ара салмағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет