Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет90/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

4.
таулы мұздықтар
– тұщы су қорын сақтауда маңызды рөл атқара-
ды. Қазақстан Алтайындағы мұздықтарды зерттеудің негізін қалаған – 
ф.в. геблер
. Ол 1835 жылы Үлкен Берел мұздығында болып қайтқан.
Іле Алатауында келесі мұздықтар бар: Конституция, Корженевский, 
Шокальский, Жаңғырық, Мәметова, Красин және Оңтүстік Талғар. Ара-
сындағы Шокальский мұздығы (ауданы 9,51 км
2
, ұзындығы 4,18 м, 1990 
жылғы дерек бойынша) белсенді.
Қазақстандағы ең ірі мұздық – Іле Алатауындағы 
Корженевский мұздығы – ұзындығы шамамен 12 км, 
ауданы 38 км
2
, кейбір жерлерінде мұздың қалыңдығы 
300 м-ге дейін барады.
Аса көп зерттелген мұздықтар Алтайдың оңтүстік 
батысында орналасқан. Белгілі зерттеуші М.В. Тронов 
өмірінің көп уақытын Алтай мұздықтарын зерттеумен 
өткізген. 1948 жылы жазған каталогта, ол Қазақстан-
да жалпы ауданы 75 км

болатын 110 мұздық бар деп жазады.
Мұздықтар Кенді, Оңтүстік Алтай және Сауырдың биік тауларында 
кең таралған. Кенді Алтайдың– Иванов, Холзун, Листвяга жоталарында 
кішігірім мұздықтар және ұзақ уақытқа сақталатын қарлы жолақтар 
кездеседі. М.В. Тронов Оңтүстік Алтайда мұз басудың екі орталығын 
39-сурет
. Берел мұздығы
ҚР ҰҒА ғалымдары
-
ның зерттеулеріне 
сүйенетін болсақ, Батыс 
Алтайда жалпы аумағы 
99,1 км
2
болатын 350 
мұздық бар.


79
атап өтті. Біреуі Берел және Бұқтырма өзендерінің бастауы, ал екіншісі 
Күршім өзенінің бастауы.
Оңтүстік Алтай жоталарындағы қар сызығы 2800-3000 м биіктікте 
орналасқан (салыстырыңдар: Альпі тауларындағы қар сызығы – 2200 м 
биіктікте, ал Кавказдың батысында – 2700-2900 м). Аса ірі мұздықтары 
– Үлкен және Кіші Бұқтырма. Бұқтырма өзенінің бастауында 9 мұздық 
орналасқан.
Алтай мұз басу мұздықтарына шегіну және азаю үрдісі тән. Шегіну 
жылдамдығы жылына 5-25 м.
Мұздықтардың табиғатқа үлкен ықпалын тигізетінін білеміз. Жер 
бедерін өзгертеді, көптеген өзендердің бастауы болады, егіс алқаптарын 
жасанды суаруды қамтамасыз етеді және т.б.
Мұздықтарды қолданудың келешегі зор, ол тұщы судың қатты күйдегі 
қоры саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет