Сұрақтар мен тапсырмалар Білім және түсінік 1. «Су ресурсы» ұғымын қалай түсінесің?
2. Қандай ресурстар көлдік ресурсқа жатады?
3. Алтайдың таулы мұздықтарының ерекшелігі неде?
Қолдану 1. Қазақстандағы негізгі термальды сулар шығатын жерлерді атаңдар және
физикалық картадан көрсетіңдер.
2. Термальды сулардың шаруашылық маңызын түсіндіріңдер.
Сараптау 1. Оқулық мәтінінен өзен ресурсын қалай пайдалануға болады деген бөлігін бөліп
алыңдар.
2. Адамның суға қолайлы және қолайсыз әсер етуін анықтаңдар.
Синтездеу 1. Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі таулы мұздықтардың сипаты туралы
материал дарды біріктіріп, қорытынды шығарыңдар.
2. Жер бетіндегі сулар мен термальды сулардың басты айырмашылығы неде?
Бағалау 1. Ғалымдар жер асты сулары баға жетпейтін ресурс деп есептейді, сен онымен
келісесің бе? Оған баға беріңдер.
2. Көлдер, мұздықтар, өзендер және басқа судың түрлері табиғи кешенге жата ма
және адамның шаруашылығында қалай пайдалынылады?