домалақ немесе шар тәрізді най-зағай – Диаметрі оншақты сантиметр
болатын, жел немесе ауадағы тоқтың ағымымен қалқитын, жарқырап тұр-
ған шар. Жер бетіндегі заттармен жанасқанда жарылып кетеді. Бөлмеге
енген жағдайда ішінің астан кестеңін шығарып, адам өліміне дейін апа-
руы мүмкін. Ғылыми тұрғыда шар тәрізді найзағай толық зерттелмеген
жұмбақ күйіндегі құбылыс.
2. Ауа райындағы қолайсыз құбылыстар Қазақстан жерінде жиі
болып тұрады. Бұл жайсыз құбылыстар ауыл шаруашылығына, орман
шаруашылығына және көлікке зиянын тигізіп тұр. Олардың қатарына –
күшті желдер, күздің аяғындағы және ерте көктемдегі үсік, аңызақ жел
және қуаңшылық, бұршақ, шаңды боранды жатқызуға болады. Қыс айла-
рында – бұрқасын, көкмұз, омбы қар, ауаның төмен температурасы, қар
көшкіні, күшті жел, мұз қабыршақтары, тұман.
Қолайсыз климаттық құбылыстардан келетін зардаптың мөлшерін
азайту үшін ұзақ уақыттық ауа райы болжамдары қажет. Мұндай бол-
жамдар зардаптың алдын алуға көмегін тигізеді.
66 Сен тұратын аймақта ауа райының қандай қолайсыз
құбылыстары байқалады?