65 Атмосфералық электірлену құбылысы . Бұлттарда және бұлттардың
арасында немесе бұлт пен жер бедерінің арасында пайда болатын орасан
электр қуатын –
жай дейді. Найзағай жарқылымен қабаттаса жүретін
дыбысты –
күннің күркіреуі дейміз. Күннің күркіреуімен жай қатар
жүріп, желдің жылдамдығы уақытша болса да үдейтін құбылысты
найзағай дейді. Найзағай Еуразияның қоңыржай белдеулерінде көбінесе
жаз айларында болады.
Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде, найзағаймен қатар нөсерлі
жаңбыр жауған кезде байқалады. Бұл құбылыстың қайталануы Орталық
Қазақстанда 40-45%, солтүстік аудандарда 50-60%, оңтүстікте және таулы
аудандарда 60-80%.
31-сурет . Бұршақ
Метеостанса жазбаларындағы қосымша
ақпараттар: «Көкпекті елді мекенінде 1950
жылы, 17 маусымда, жергілікті уақытпен сағат
22-де оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығысқа қарай
ені 5 км болатын жолақпен бұршақ жауып өткен.
Бұршақ жауғаннан кейін жер бетінде қалыңдығы
10-15 см болатындай мұз қабаты пайда болған.
Ойыс жерлерге жауған бұршақ келесі күні еріп
кеткен. Нәтижесінде 2750 га жердегі егістік
алқаптарға зиян келген. Өрісте жайылып жүрген
250 қой және 4 жылқы өлді».