62
Желдің бағытын, күшін қалай анықтаймыз. Негізгі сызықтан қисық
бұрыш жасап тұрған үшбұрыштар немесе сызықтар желдің жылдамдығын
көрсетеді. Синоптикалық карталарда бұлардан басқа символ түрінде
берілген шартты белгілерде бар: температура, жауын-шашын, жел, теңіз
деңгейінен
есептелген қысымның мөлшері, шық нүктесі. Температура
Цельсий градусымен, жауын-шашын мм-мен беріледі. Бұлттылық кар-
таның ортасында шеңбермен беріледі. Шеңбердің боялу деңгейіне қарай
отырып, бұлттылықтың қандай мөлшерде екендігін анықтаймыз. Карта-
дағы маңызды сызықтарға – изотерма және изотахи сызықтары жатады.
Изотерма – бірдей температуралардың арасын біріктіретін сызық.
Изотахи – бірдей жылдамдықтағы желдердің
арасын біріктіретін
ирек сызық.
Қазіргі таңда синоптикалық карта жасауда ғарыштық суреттер кеңінен
қолданылады. Суреттерде бұлттылықтың аумағы айқын көрінетіндіктен,
циклондардың орналасқан жерін және атмосфералық фронттар туралы
нақты мәлімет алуға болады. Бұл суреттерді
теледидарда ауа райын
түсіндіргенде жиі көрсетеді. Синоптиктер жинақталған деректерге сүй-
ене отырып ауа райы картасын жасалады. Карталар 3 және 6 сағатқа,
тәулікке және екі тәулікке жасалады. Ауа райы туралы мәлімет авиация
үшін өте маңызды. Белгілі бір жерлерде, жергілікті жердегі ауа райының
нышандарына қарай отырыпта ауа райына болжам жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: