Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 28. дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері



Pdf көрінісі
бет96/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 28. дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
негізгі ұғымдар: 
тұздылық, тұздылық құрамының тұрақтылығы, тығы-
здық, мөлдірлік.
1. тұздылық
. Теңіз суының басты қасиеттерінің бірі, тұздылығы. Мұ-
хит суларында бар жоғы 44 химиялық элемент еріген күйінде кездеседі. 
Мұхит суының тұздылығының басты компоненттері натрий, магний, хлор, 
кальций, калий, ал екінші кезектегі компоненттерге – алтын, күміс, мыс, 
фосфор, иод және т.б. жатады.
Теңіз суының тағы бір ерекшелігі – 
тұздылық құрамының тұрақ-
тылығы
.
 
Бұның басты себебі мұхит суының үнемі араласып тұруынан 
болуы мүмкін. Мұхит суларының әдетте орташа көрсеткіші – 35‰ (про-
милле) (1 л суға 35 г тұз келеді). Құрлықтан құйған өзен суы теңіз жаға-
сындағы тұздылықтың кемуіне әсер етеді.
Тұздың құрамы жағынан мұхит суы өзен суынан 
үлкен айырмашылық жасайды. Тұздар мұхитқа 
құрлықтан келіп қосылатын сумен бірге мұхиттың 
басқа бөліктерімен су алмасқанда жан жаққа тарап 
кетеді. Тұздың құрлықтан мұхитқа тұрақты түсуі 
мұхит суының тұздылығын арттыруы керек еді. 
Бірақ бұл үрдіс өте баяу жүреді және мұхиттағы 
тіршілік иесінің қорегіне айналуы салдарынан 
байқалмай қалады.
Мұхит суының тұздылық айырмашылығының 
басты себебі – тұщы су балансының өзгеріп отыруы. 
Мұхит бетіндегі жауын-шашын, құрлықтан аққан су ағыны, мұздардың 
еруі тұздылықты кемітеді; булану, мұздардың пайда болуы, керісінше оны 
арттырады. Ең жоғары орташа тұздылық – Атлант мұхитында (35,4‰), 
ал ең азы – Солтүстік Мұзды мұхитында (32‰) байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет