Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет62/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

бетім, дүние-ай, дариға-
ай
) алшақтауы нəтижесінде қалыптасқан сөздер де кездеседі. Инте-
рьективтену үдерісінде ондай сөздер бастапқы заттық, қимылдық, 
сындық мағыналарынан қол үзіп, тікелей сөйлеу актісіне қатысты 
тілдік бірлік ретінде жұмсалады. Олар сыртқы тұлғасы жағынан 
өзгермейді. Мысалы, 
дүние, бетім
 сөздері одағайлану үдерісінде 
түрленбейді. 
Одағайлар іштей мүшеленбейтін, синтаксистік жағынан басқа 
грамматикалық категориялардан оқшау тұратын ерекшеліктеріне 
қарай адамның көңіл-күйін, түрлі сезімін білдіретін сұраулы, лепті 
сөйлемдер ретінде қолданылады. Осындай қызмет ерекшелігіне 
қарай одағайларды сөз-сөйлем түрінде қараушы пікірлер де кезде-
седі. Мысалы: 
Қане!
 (
іске кірісейік, іске кірісіңдер
 деген мағынада). 
Бұл жағдайда одағайлардың интонациялық сипатының да маңызы 
ерекше.
Одағайлар заттанған жəне көмекші етістіктермен тіркескен жағ-
дайда ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Мысалы:
 аһлеп, ой-
байым, аттандап, ойбай салды, аһ ұрды, ə дегенде, 
т.б.
Сондай-ақ одағайлар негізгі сөйлемдермен қабаттаса да 
қолданылып, сөйлемдегі ойдың мазмұнына қатысты түрлі эмоция-
ны айқындап тұрады. 
Одағайлардың сөйлемнен тыс жəне сөйлеммен қабаттаса қол-


118
данылуы олардың бірнеше қызметін анықтауға мүмкіндік береді. 
Олар: эмоционалды-экспрессивті, модальды-бағалауыштық, фати-
калық, волюнтативті, прагматикалық қызметтер.
Сонымен, одағайлар жеке сөйлем мүшесі қызметін атқармаса да
дербес сөйлем түрінде немесе  негізгі сөйлеммен жарыса қолдану 
нəтижесіндегі функционалды сипатына байланысты басқа сөз тап-
тарынан ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет