Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет58/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

13. Шылау
Толық мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша 
грамматикалық мағына үстейтін, лексика-грамматикалық сипа-
ты атауыш сөздермен тіркескен жағдайда анықталатын, дербес 
қолданылмайтын көмекші сөздер шылау деп аталады. Шылау сөздер 
басқа сөз таптарынан мынадай белгілері арқылы ерекшеленеді: 
1) толық лексикалық мағынасының болмауы, 2) дербес, контек-
стен тыс қолданылмауы, 3) контексте атауыш сөздердің шылауын-
да, жетегінде тұруы, 4) атауыш сөздерге қосымша грамматикалық 
мағына үстеуі, 5) сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланысты-
руы, 6) сөйлем мүшесі қызметін атқармауы, 7) түрленбеуі. 


108
Шылаулар – грамматикалық мағыналы сөздер. Шылаулардың 
грамматикалық мағыналары олардың лексикалық мағыналарының 
грамматикалық қалыпқа көшуімен  айқындалады. Соның негізінде 
шылаулар сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемді байланыстыра-
тын жəне өздері тіркескен сөздеріне əртүрлі грамматикалық мағына 
үстей алатын қызметке ие болуымен ерекшеленеді. 
Шылау сөздердің бірқатары сөз бен сөздің арасындағы грам-
матикалық байланысты, енді бір тобы сөз тіркесі мен сөйлем 
арасындағы байланысты, ал келесі тобы белгілі бір сөздің 
грамматикалық мағынасын айқындау үшін қолданылады. 
Грамматикалық сипатындағы осындай ерекшеліктері жалпы шылау 
сөзінің қолданысында, оларды іштей топтастыруда қарама-қайшы 
пікірлердің тууына негіз болды.
 Мəселен «Тіл – құралында» А. Байтұрсынов сөздерді атауыш 
жəне шылау сөздер деп екі топқа бөліп, шылау сөздерге үстеу, де-
меу, жалғаулықты жатқызады. Ғалым шылау ұғымын дербес сөз 
табы емес, белгілі бір сөздер тобының атауы ретінде қолданады. Ал 
Қ. Жұбанов қазақ тіліндегі барлық сөздерді түп мүше (түбір) жəне 
жамау мүше (шылау) тəрізді екі үлкен топқа бөліп алып, шылаулар-
ды «екінші түрлі сөз мүшелері түбіршілеп, өздігінен пайдаға аса ал-
майды, тек түбірге жамалып, жалғанып қана, түбірдің шылауында 
тұрып қана белгілі мағына шығара алады» деп анықтайды. Одан əрі 
ғалым шылауларды қосалқы жəне қосымша, қосымшалардың өзін 
іштей жалғау жəне үстеу, ал қосалқыларды жалғауыш жəне үстеуіш 
деп бөледі. Ғалымның топтастыруындағы «өзін ерткен сөзді басқа 
бір сөзбен жалғастыратын» жалғауыш қосалқылары жалғаулық жəне 
септеулік шылаулар болса, «өзін ерткен сөзге тек мағына үстеп қана 
қоятын» үстеуіш қосалқылар демеулік шылауларға сəйкес келеді. 
Шылау сөздердің аталуымен қатар оларды мағыналық жағынан 
топтастыруда да қарама-қайшы пікірлер болды. Мəселен, М. Ба-
лақаев алғашқыда қазақ тіліндегі шылау сөздерді төмендегідей 
бес топқа бөледі: 1) күшейткіш үстеуліктер (
тап, өте, аса, тым
);   
2) болымсыздық үстеуліктер (
еш, жоқ, емес, ма, мен
); 3) сұраулық 
демеуліктер (
ма, ме, па, пе
 т.б.); 4) демеуліктер; 5) жалғаулықтар. Бұл 
топтастырудан қазіргі кездегі күшейткіш көмекшілер, есімдіктер, 
болымсыз етістіктің жұрнақтары мен көмекші етістіктердің шы-
лау сөздердің қатарында қарастырылғаны байқалады. Сондай-ақ 
шылаулардың іштей топтастырылуы мен олардың аталуында да 
бірізділік жоқ. Кейіннен автор бұл мəселені қайта қарап, шылау 


109
сөздерді демеулер, демеуліктер, жалғаулықтар деп үш топқа бөледі. 
Ғалымның бұл топтастыруында, сан жағынан болмаса да, аталуы 
жағынан өзгешеліктер болды. 
Шылаулардың мағыналық топтары, қызметі, грамматикалық 
ерекшеліктері қазақ тілінің академиялық грамматикалары мен 
Ғ. Əбуханов, Ə. Төлеуов, А. Ысқақов, С. Исаев, Н. Оралбай, Қ. Мол- 
 
ғаждаров, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылып, шы-
лаулардың жалғаулық, септеулік жəне демеулік деп аталатын негізгі 
үш тобы жүйеленеді. 
Жалғаулық шылаулар тиянақты тұлғада келіп, сөз бен сөзді, сөй-
лем мен сөйлемді байланыстыру үшін қолданылады. Сондай-ақ бай-
ланыстырушы сөздердің, сөйлемдердің арасындағы грамма тика  лық 
қатынастар да жалғаулық шылаулар арқылы анықталады. 
Жалғаулық шылаулардың мағыналық топтарын ғалымдар 
түрліше анықтайды. Мəселен, Ғ. Əбуханов жалғаулық шылаулар-
ды ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты, себеп-салдарлық деп 
төрт түрге, А. Ысқақов ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты, 
себептік, салдарлық, шарттық, айқындағыш, ұштастырғыш деп сегіз 
түрге бөледі. Ғалым яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет