Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет201/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

БАУЫР ЦИРРОЗЫ
 
Цирроз 
– 
бұл 
бауырдың 
қалыпты 
құрылымының 
трансформациясы және фиброзы, түйіндердің түзілуімен көрінетін 
жайылмалы үрдіс. Бауыр циррозы кейбір созылмалы аурулардың 
соңғы кезеңі болып табылады. 
Цирроздың 
ауырлық 
деңгейі 
мен 
болжамы 
бауыр 
паренхимасының сақталған қызмет етуші көлеміне, портальдық 
гипертензия айқындылығы және бауыр қызметі бұзылысына алып 
келген негізгі аурудың белсенділігіне байланысты. 
 
Жіктелуі 
Бауыр цирроздары этиологиясына және ауырлық деңгейіне 
байланысты былай бөлінеді және Чайлд-Пьюдің бауыр циррозы 
кезіндегі бауыр-жасушалық қызметінің жіктелуі қолданылады (37- 
кесте). 
37- кесте. Бауыр циррозының ауырлық деңгейін Чайлд-Пью 
бойынша анықтау 
Көрсеткіштер 
Баллдар 



Энцефалопатия 

I-II 
III-IV 
Асцит 
Жоқ
жеңіл/біркелкі, 
диуретиктармен 
емдеуге көнеді 
Ынталы, емдеуге 
нашар көнеді 
Билирубиннің қан 
сарысуындағы 
концентрациясы, 
мкмоль/л (мг%) 
34-тен аз (‹ 2,0) 34-51 (2,0-3,0) 
51-ден көп (> 3,0) 
Қан сарысуындағы 
альбумин деңгейі, г 
35-тен көп 
28-35 
28-ден аз 
Протромбиндік 
уақыт (с), немесе 
протромбиндік 
индекс (%) 
1-3 (> 60) 
4-6 (40-60) 
6-дан көп (‹ 40) 


374 
Әрбір көрсеткіштерді баллдармен бағалайды (сәйкесінше 1, 2 
немесе 3 балл). Келесі өлшембйынша интерпретация жүргізіледі: 
• A тобы (компенсирленген) - 5-6 балл; 
• B тобы (субкомпенсирленген) - 7-9 балл; 
• C тобы (декомпенсирленген) - 10-15 балл. 
Этиология және патогенез 
Бауыр циррозы ас қорыту мүшелерінің ауруларының ішінде 
өлім себебі бойынша бірінші орында (ісіктерді есептемегенде). 
Таралу жиілігі 2-3% (аутопсия мәліметері бойынша); жалпы 
популяциямен салыстырғанда 40 жастан асқан ерлерде 2 есе жиі 
кездеседі. 
Бауыр циррозының дамуына алып келетін және жиі кездесетін 
себептері болып табылады: 
■Вирусты гепатиттер (B, C, D). 
■Ішімдіктер. 10 жылдан астам спирттік ішімдіктерді ішу 
әрқашан дерлік алкогольдік цирроздың дамуына алып келеді. 5 
жылдам астам уақыт күнде 40-80 г таза этанолды ішу бауырды 
зақымдау қауіпі жоғары екені анық. Әйелдер еркектерге қарағанда 
бауыр циррозының дамуына бейім болып келеді. 
■Иммундық бұзылыстар: аутоиммунды гепатит, "трансплантат
иесіне қарсы" болу ауруы. 
■Өт жолдарының аурулары: өт жолдарының бауырсыртылық 
обструкциясы, 
өт жолдарының бауырішілік обструкциясы 
(біріншілік билиарлы цирроз, біріншілік склерозданатын холангит), 
балалардағы холангиопатиялар. 
■Зат алмасу аурулары: гемохроматоз, 
α1-антитрипсин 
жеткіліксіздігі, Уилсон-Коновалов ауруы, муковисцидоз (кистозды 
фиброз), 
галактоземия, 
гликогеноздар, 
тұқым 
қуалайтын 
тирозинемия, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмау ауруы, 
абеталипопротеинемия, порфириялар. 
■Бауырдан көктамырлық қайтарылымның бұзылысы: Бадда-
Киар синдромы, көктамырлық бітеу ауруы, ауыр оң жақ 
қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі. 
■Дәрілік 
заттар, 
токсиндер, 
химикаттар 
(метотрексат, 
амиодарон). 
■Инфекциялар: шистосомоз, бруцеллез, мерез. 


375 
■Әр түрлі себептер: саркоидоз, алкогольсыз стеатогепатит, 
гипервитаминоз А. 
Бауыр фиброзы дамуының уакыты этиологиялық фактордың 
деңгейіне байланысты. Цирроз жиі баяу дамиды: бауырдың 
алкогольдік циррозы 10-12 жыл ішімдік қолданғаннан кейін, 
бауырдың вирустық циррозы 20-25 жыл инфекция жұққаннан кейін 
дамиды. Бауыр циррозының тез даму темпі (бірнеше ай) ісіктік 
этиологиядан дамыған билиарлы обструкциясы бар науқастарда 
және жаңа туған балалардың өт жолдарының атрезиясы кезінде 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет