371
әсерлері дамыған жағдайда препарат мөлшерін азайтып немесе
тоқтатқан жөн. Қысқа уақытқа (2 аптадан кем) дәрілік затты беруді
тоқтату терапия тиімділігіне әсер етпейді.
Антивирусты терапия ауру белсенділігі төмен науқастарда
ақталған жоқ (соның ішінде, гистологиялық белсенділігі
минимальды аурудың ұзақ ағымында және АЛТ деңгейі
қалыптыда). Алайда АЛТ сарысулық белсенділігінің абсолютті
мәні бауыр зақымдануының ауырлық дәрежесімен түзетілмейді.
HCV-инфекциямен және АЛТ деңгейі "қалыпты" 1-29%
науқастарда биопсия 3-4 кезеңінлы бауыр фиброзын анықтайды.
АЛТ белсенділігі қалыпты созылмалы гепатит С мен науқаста емнің
мақсатын бағалау барысында көптеген себептерді есте сақтаған
жөн, соның ішінде вирус генотүрі, вирустық күштеме, бауыр
фиброзы бар болуы, уәждеме, науқас жасы және т.б.
Рибавиринмен емдеуге қарсы көрсеткіштер:
■Абсолютты:
- жүректің ауыр ауруларының болуы;
- терминалдық сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі;
- айқын анемия;
- гемоглобинопатии;
- жүктілік немесе контрацепция тиімділігі болмауы.
■Салыстырмалы:
- бақыланбайтын артериалдық гипертензия;
- егде жас;
- гепатотоксикалық мөлшерде ішімдікті қолдану (тәулігіне > 40
г этанол) немесе нашақорлық.
Вирусқа қарсы терапия курсын аяқтаған науқастарды
бақылау.
Бауыр циррозы жоқ, вирусқа қарсы терапия курсы аяқталған
соң тұрақты вирусологиялық жауапқа жеткен науқастар, терапия
аяқталғаннан 48 аптадан соң қайталамалы тексерілуі тиіс, содан
соң тағы бір жылдан соң қандағы АЛТ және РНҚ ВГС деңгейін
анықтаумен тексеріледі. Егер АЛТ деңгейі қалыпты мән
шамасында болсы, онда РНҚ ВГС ге тест теріс деген сөз, демек
науқас гепатит С ауруынан жазылды деп санауға болады.
25>
Достарыңызбен бөлісу: