Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


 “Шығын – пайдалылық (утилитарлық)”талдауы



Pdf көрінісі
бет44/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

4. “Шығын – пайдалылық (утилитарлық)”талдауы
(CUA – 
cost-utility analysis) – тиімділік сақталған өмір жылдарына қарай 
есептелетін талдау түрі (QALY – quality-adjusted life-years). Белгілі 
бір клиникалық тиімділік жетістіктері емес, пайдалылық 
тұрғысынан нәтижеге жеткен науқастардың ойлары бұл талдау 
нұсқасында есепке алынады. Науқастардың осы және басқада 
араласулары (фармакотерапия, оталар және т.б.) нәтижелерін 
есепке алумен жүргізіледі (3-сурет). 
3 -сурет. “шығын – пайдалылық (утилитарлық)”талдауы 
CUA — пайдалылық бірлігіне шығын өсімінің көрсеткіші,
«шығын/пайда» арақатынасы (пайдалылық бірлігінің бағасы
мысалға, сапалы өмірдің бір жылы), 
DC1 және IC1 —1-ші емдеу әдісінде тікелей және жанама 
шығындар, 
DC2 және IC2 — 2-ші емдеу әдісінде тікелей және жанама 
шығындар 
Ut1 және Ut2—1-ші және 2-ші емдеу әдістеріндегі пайдақорлық 
утилитарлық 


90 
5. “Шығын – пайда”талдауы
(CBA–cost-benefit analysis). 
Дәрілік заттарды немесе емдеу технологияларын қолдануда тікелей 
пайданы анықтау осы талдаудың нәтижесі болып табылады. Тікелей 
медициналық шығындар және емдеу нәтижелері ақша бірліктерінде 
бағаланады. Технологияларды немесе дәрілік заттарды қолданудың 
тікелей шығынын анықтау «шығын – пайда» талдауының нәтижесі. 
Қазіргі таңда шығын-пайда талдауы тек анықтау әдістемесі CUA 
және CEA бірге қолданылады. 
6. Сезімталдық талдауы 
жаңа көрсеткіштерді (дәрілік 
заттардың құны, емдеудің ұзақтығы және т.б.) есепке енгізгендегі 
зерттеу нәтижелерінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді. 
Сезімталдық талдауы екі кезеңде жүргізіледі: берілген әдебиеттер 
мен мета-талдауын қолданып бастапқы көрсеткіштердің ауытқу 
көлемін анықтау немесе сарапшыларды сұрастыру жолымен бір 
нұсқалы немесе көп нұсқалы сезімталдық талдауын жүргізу. 
Компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы осы талдау 
жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет