Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет52/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


104 
9 БӨЛІМ. ФОРМУЛЯРЛЫҚ ЖҮЙЕ 
 
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымының ең маңызды 
мақсаты негізгі адам ауруларының стандартты диагностикасы мен 
емін енгізу. Көптеген елдерде денсаулық сақтау ұйымдарының 
негізгі стандарты болатыны, дәрілік заттардың формуляры және 
жалпы формулярлы жүйе болып табылады. 
Формулярлы жүйе – нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты 
әлеуметтік дамуға бағытталған денсаулық сақтау ұйымының 
ақпаратты - әлеуметтік доктринасы. 
Формулярлы жүйенің негізгі мақсаты:
1.
Науқастарды кепілденген сапалық еммен қамтамасыз ету. 
2.
Кең таралған аурулардың ұтымды формакотерапиясын 
құрастыру және клиникалық және экономикалық тиімді және 
қауіпсіз дәрілік заттарды анықтау. 
3.
Дәрілік заттардың дұрыс қолданылуын қадағалау және 
фомакотерапия қателіктерін түзету мен жою шараларын жүргізу. 
4.
Дәлелді медицина мен клиникалық фармакологиялық 
препараттар аймағы мен дәрілік технологияларды объективті 
негізделген түрде ақпараттандырып тарату. 
5.
Клиникалық нұсқаулықтар мен дәрілік заттарды ұтымды 
түрде 
тағайындау 
аймағындағы 
тәжірибедегі 
дәрігерлерді 
ақпаратты-білімді толықтыратын бағдарламалармен қамтамасыз 
ету. 
Формулярлы жүйе дәрілік заттардың қатарын шектеуді
формулярлы анықтамалықтарды шығаруды, стандартты ем мен 
бағдарламаларды
енгізуді, дәрілік заттардың қолданылуын 
бағалауды, құрастыруды болжамдайды. 
Формуляр негізінде мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі 
клиникалық нұсқаулықтар жатады. 
Дәлелді негізделген ұтымды фармакотерпияны енгізуді, дәлелді 
негізделген клиникалық және экономикалық тиімді мәліметтерді 
және қауіпсіз дәрілік заттардың қолданылуын және аурудың 
курстық емінің бағасын зерттелген деңгейлік жағынан қарастырады. 
Формулярлы жүйені енгізу медикаментозды терапияның 
клиникалық және экономикалық тиімділігін әкелуі тиіс. 


105 
Формулярлы жүйе қауіпсіз және бағасы жағынан ұтымды, тиімділігі 
жағынан оңтайлы стандартты ем мен дәрілік заттарды дәрігердің
тағайындауына жағдай жасайды. Әрине, дәрілік формуляр 
шектеуші құжат ретінде дәрігерді өзінің ғана немесе белгілі 
ғылымның білімін ғана пайдаланумен шектеп және клиникалық 
нұсқаулықтарды (стандартты ем) қолдануды сөзсіз қажет етеді.
Ал басқа жағынан қарасақ, формулярлы жүйе алғашқы көмек 
көрсетуде клиницистің жеке рөлін шектемей, тәжірибеде заманауи 
және емнің тиімді әдістерін жылдам енгізудің шарттарын құрады. 
Клиникалық әр түрлі жағдайда, қосымша аурулары мен 
физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты стандартты емді 
дұрыс қолдану – туралы клиникалық шешім қабылдау дәрігер үшін 
өте ауыр болады, мұндай шешім кезінде дәрігердің клиникалық 
ойлау қабілеті одан әрі ашыла түседі. 
 
Клиникалық нұсқаулық 
– бұл белгілі бір клиникалық 
жағдайларда тәжірибелік дәрігерге немесе пациентке сәйкесінше 
медициналық көмек көрсету туралы шешім қабылдауда 
көмектесетін жүйелі түрде құрастырылып отыратын жинақ. 
Клиникалық нұсқаулықтардың ғылыми дәлелденген базасы 
қалыптасқан.
 
Клиникалық хаттама
 
– өте аз деңгейде клиникалық 
нұсқаулықтардың нәтижелерін жергілікті жағдайда қолдануға 
бейімдейтін құжат. 
 
Емдеу стандарты 
–бұл ауруға алғашқы көмекті өлшемдер 
түрінде беру мақсатына байланысты, қажетті қорларды анықтайтын, 
кезеңі мен болжамы ауруға бағытталған жағдай. Емдеу стандарты 
клиникалық нұсқаулықты өте аз деңгейде орындалуын қамтиды. 
 
Дәрілік формуляр
- кезектілікпен қолданылатын дәрілік 
заттардың шектелген тізімі. Онымен қолданылатын дәрілік 
заттардың тізімдемесі қысқарып, терапевтік қайта беріліс және 
сатып алу мүмкіндігі жоғарылайды. 
Формуляр емдік, алдын-алу мекемелерінде, аймақтар мен 
мемлекеттерде (ұлттық формуляр) әр жерге арналып бөлек 
құрастырылуы мүмкін. 


106 
Формуляр әрдайым нақтыланып және бөлек баптары 
толықтырылып отыратын, өзгерісте дамитын құжат болып 
табылады. 
Формулярлы жүйені енгізу кезіндені қиындық тудыратын 
қырлары: 
1.
Медициналық көмекті төлейтін сақтандыру фирмаларымен 
(компания) немесе бюджеттердің нақтыланған түрлі стандарттары. 
2.
Стандартты емді енгізу және құрастыруға бірыңғай 
әдістемеліктердің болмауы. 
3.
Стандартты ем сараптамасына бірыңғай клиникалық-
әдістемелік жолдардың болмауы. 
4.
Дәрігерлерге арнайы стандартты ем мен ұтымды дәрілік 
заттарды дұрыс қолдануға арналған бірыңғай ақпаратты-білімдік 
бағдарламалардың жоқтығы. 
5.
Көбінесе QALY (өмір сапасы) жайлы зерттеулер емес, 
экономикалық 
негіздемелерге 
байланысты 
қолданылатын 
формокоэкономикалық зерттеулердің жетілдірілмегендігі. Дәлелді 
медицинаға негізделген стандартты емді қолдану қажеттілігі мен 
денсаулық сақтау ұйымының шектеулі қаржыландырылған тек қана 
экономикалық 
негізделген 
шарттары 
арасындағы 
қарама-
қайшылық. 
6.
«Формулярлық жүйе сияқты таптаурындардың болуы 
дәрігердің шығармашылық мүмкіндігі мен емдеудегі рөлін 
шектейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет